Дүйсенбі, 13 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2272 0 пікір 20 Шілде, 2011 сағат 17:13

Жаңа технологиямен жабдықталған фабрика

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев жұмыс сапарымен Семей қаласында, Ұлан және Глубокое аудандарының елді мекендерінде болып, ауыл шаруашылығы саласында өнімді еңбек етіп жатқан бірқатар шаруа қожалықтарының жұмысымен танысты.

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев жұмыс сапарымен Семей қаласында, Ұлан және Глубокое аудандарының елді мекендерінде болып, ауыл шаруашылығы саласында өнімді еңбек етіп жатқан бірқатар шаруа қожалықтарының жұмысымен танысты.

Аймақ басшысы ең алдымен Семей қаласына ат басын тіреді. Жалпы, Семей мен Өскемен қазір Шығыстың қос шамшырағындай қатар жарқырап, жайнап келеді. Араларында ажырамас мықты байланыс орнағандығын халықтың көзі көріп отыр. Өскеменде өткізілген Семей қаласының, Семей жұртшылығын қуантқан Өскеменнің күндері, аудандардың ауыл шаруашылық өнімдерінің жәрмеңкелері, көрмелер, Тәуелсіздіктің 20 жылдығына орай өткізіліп жатқан әртүрлі мәдени-рухани іс-шаралар, осының бәрі кейінгі кездері арада берік орнаған береке-бірліктің, ынтымақтастықтың жемісті көрінісі. Жұмыс сапары барысында облыс Әкімі Бердібек САПАРБАЕВ салтанатты түрде тұсауын кесіп, ақ жол тілеген Семей қаласының іргесіндегі «Прииртыш бройлер құс фабрикасы» ЖШС-нің инкубация, құс сою және ет өңдеу цехының ашылуы да сол ынтымақтастықтың заңды жалғасы һәм ел тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған 20 жарқын істің біреуі.  
Ел нарығында 20 жылдан астам уақыт жұмыс істеп келе жатқан бұл фабрика негізінен балапан шығару, құс өсіру және бройлер тауығының етін өндірумен айналысады. 1984 жылы құрылған кәсіпорын тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында біраз қиындықты бастан кешіргенімен тынымсыз еңбектің арқасында кейінгі жылдары еңсесін тіктей бастаған. 2003-2004 жылдары қайта жабдықтау және өндірісті жаңғырту жұмыстарының бірінші кезеңі жүргізіліпті мұнда. Осыған сәйкес өнім өндіру технологиясы да түбегейлі өзгеріске ұшыраған. 2009 жылы өндірістік жаңғыртудың екінші кезеңі қолға алынып, Нидерландының «Pas Reform» фирмасы жасап шығарған қуаттылығы жылына 10 млн. жұмыртқаға шақталған инкубаторымен жабдықталады. Құс өсіру цехының 39 корпусында технологиялық желілерді қайта жабдықтау мен жаңарту жұмыстары жүзеге асырылып, сыйымдылығы 8 тоннаға дейін ет сақтайтын «Bitser» фирмасының тоңазтқыш камералары орнатылған.

Бройлер балапандарын өсіру көрсеткіші бойынша елімізді былай қойғанда ТМД шеңберінде ең үздік деңгейге қол жеткізген семейлік құс фабрикасының келешегі зор. Балапан бағудың бабын білетін білікті мамандар айналасы 42 күннің ішінде бройлерлердің салмағын 2,2-2,4 келіге дейін жеткізеді. Бір ескеретін жайт, бройлерлер өте нәзік, кірпияз, әрі сезімтал келеді екен. Қатты шыққан дауыстан, жарық еткен жарықтан шошынса немесе кір-қоқыста жүріп қалса өліп кетуі ықтимал. Сол себепті жұмыскерлер үстеріне ақ жейде, бастарына телпек, аяқтарына арнайы шұлық киіп жұмыс істейді. Тазалық қатаң сақталуы керек. Фабриканы аралау кезінде біз де солай киініп жүрдік. Дегенмен мұның бәрі қаншалықты қиын болса да балапандардың 98 пайызын өлтірмей өсіріп отыр. Ал кәсіпорынға қажетті инкубациялық бройлер жұмыртқалары Глубокое ауданының «Племптица» ЖШС-нен жеткізіледі. Сондай-ақ 2006 жылдан бастап ISO 9001:2000 стандарты бойынша жұмыс істеп келген кәсіпорын былтырғы маусым айында UKAS-та тіркеуден өткен Bureau Veritas Certification компаниясының ISO 9001:2008 халықаралық стандарт талаптарына сәйкестігінің ре-сертификациялық аудитін өткізген. Ең бастысы, халық тұтынатын өнімдердің барлығы да халал. Айталық мұздатылған бройлер-балапан еті, қапталған сан, төс, жіліншік, қанат еттері жұртшылықтың сүйікті азығы десек артық айтқандық емес. Елдің сұранысын қанағаттандыруды көздеген шаруашылықтың бұл ойын облыс басшылығы да құптады.
- Біздің мемлекетіміздің, Елбасының ұстанған саясаты халықтың әл-ауқатын арттыру. Ол үшін өндірістер мен шаруашылықтар жақсы жұмыс істеп, экономика ілгері басуы керек. Бүгінгі мына фабрикаларыңыз соның бір айғағы. Егер біз дамыған елдердің қатарына қосылуды мақсат етсек, ғылымның, жаңа технологиялардың жетістіктерін меңгеріп, кәсіпорындарға енгізуіміз қажет. Фабрикаға орнатылған әлемдік стандарттарға сай заманауи құрал-жабдықтар бәрінен бұрын шығынды азайтып, өнімді молайтуға көмектеседі. Осы жаңарту жұмыстарына 800 млн. теңгедей қаржы жұмсалды. Соның арқасында өнімнің көлемі артып былтыр 7 мың тонна алынса, алдағы жылдары бұл 12 мың тоннаға дейін барады. Сіздердің кәсіпорын облыста шығарылатын еттің 7 пайызын, соның ішінде құс етінің 40 пайызын береді. Ол аз емес. Кейінгі жылдары адамдар құстың етін көптеп тұтынуда, сұраныс күшейген. Сондықтан қазір біз 60 пайыздай құс етін шетелден әкелеміз. Осы ретте Президент Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ берген тапсырмасына сәйкес сырттан келетін импорттың көлемін мейілінше азайтуымыз керек. Жалпы ауыл шаруашылығын, оның ішінде құс фабрикаларын дамытуға мемлекет баса көңіл бөлуде. Былтырдың өзінде сіздердің фабрика 230 млн. теңгедей мемлекеттен қосымша субсидия алды. Келешекте де мұндай көмектер көрсетілетін болады. Себебі халықтың жағдайын мемлекет ешқашан назардан тыс қалдырған емес, - деп атап көрсеткен аймақ басшысы Бердібек САПАРБАЕВ кәсіпорын басшылығына, жұмыскерлерге және басқа да мамандарға жаңа технологияны меңгеруге атсалысқандары үшін ризашылығын жеткізді.

akimvko.gov.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1958
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2257
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1857
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1550