Жексенбі, 5 Мамыр 2024
3554 1 пікір 4 Қазан, 2019 сағат 12:25

Нұр-Сұлтанда мүмкіндігі шектеулі жандар жұмыс істейтін кафе ашылды

Нур-Сұлтанда дәрігер-анестезиолог Азамат Базылов мүмкіндігі шектеулі адамдарға арнап кафе ашты. Оның үлкен ағасын үшінші топтағы мүгедек болып қалғаннан кейін, осындай әлеуметтік жұмыс орнын ашуды ойлаған.

Азамат кафеде жұмыс істейтін саңырау адамдарды ағасының көмегімен тапқан.

– Менің ағам да мылқау. Ол көпке дейін жұмыс таба алмай жүрді.

Қазір кафенің тұрақты клиенттері бар. Келушілерге тағам таңдау қиын емес. Мұнда барлық мәзірлер суреттер арқылы көрсетілген.

Кафеде жұмыс істейтіндердің дені басқа қаладан келген. Мәселен Ринат Нурым – талдықорғандық. Ол бұл кафені достары арқылы біліп, іздеп келген.

"Бізге кез келген адам жұмыс тауып бере алмайды. Көбі аспаз, даяшы болып істегісі келеді. Мен астанаға көшіп келгеніме еш өкінбеймін. Әрі қарай өзімді дамытқым келеді", – дейді Ринат Нурым.

Азамат Базылов кафе ашу үшін пәтер сатып алуға жинаған ақшасын жұмсапты. Әкесі де жеке көлігін сатып көмектескен.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1426
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1267
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1028
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1081