Жұма, 17 Мамыр 2024
4108 3 пікір 2 Қазан, 2019 сағат 12:12

Бейжіңде әскери парад, Гонконгте наразылық акциялары өтті

Бүгін Қытай халықтық республикасының құрылғанына 70 жыл. Ол Бейжіңде 1949 жылдың 1 қазанында азаматтық соғыста Мао Цзэ Дун басқаратын коммунистер жеңіске жеткеннен кейін жарияланды.

Бейжіңде аталған күннің құрметіне ірі парад өтті. Онда сөз сөйлеген мемлекет басшысы Си Цзиньпин "бірде бір күш Қытайды шайқалтып, алға ұмтылған қозғалысын тоқтата алмайды" деп мәлімдеді.

Парадқа 15 мыңға жуық жаунгер қатысты. Одан басқа әскери техникалармен қатар АҚШ-қа дейін ұшып жетуге құдыретті DF-41 үлгісіндегі континентаралық баллистикалык зымырандар көрсетілді.

Бұл күні Гонконгта демонстранттар мен полиция ортасында қайтадан қақтығыстар болды. Акция қатысушыларға қарсы полиция көзден жас ағызтын газ қолданды.

Гонконгте бірнеше айдан бері Қытай билігінің автономияны шектеу әрекетіне қарсы наразылық акциялары өтіп келеді.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2112
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2525
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2219
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1626