Жұма, 17 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2975 0 пікір 2 Қазан, 2019 сағат 12:08

Қазақстанда Telegram арқылы есірткі сатып жүрген адам сотталды

30 қыркүйекте Қарағанды қаласында ірі көлемде есірткі сақтау және сату бабы бойынша 22 жастағы жергілікті тұрғын алты жылға бас бостандығынан айырылды.

Сот үкіміне сәйкес, айыпталушы мыңға жуық жәбірленуші есепшотына 50 мың теңгеден және 128 доллардан төлеп беруге міндеттелді.

Тергеу мәліметіне қарағанда, сотталушы гашиш сататынын Telegram мессенджері арқылы жариялап, ақшаны мобилдік тіркеме арқылы алып тұрған. Бірақ тергеу барысында есірткіні кімдер жеткізіп отырғанын анықтау мүмкін болмаған.

Сотта айыпталушы есірткі сатпағанын, тек гашиш сақтағанын ғана мойындаған.

Алғашқы тергеу кезінде айыпталушы бәрін мойына алған. Бірақ кейін сотта ол құқық қорғау органдары тарабынан қысым болғанын алдыға тартып, берген куәліктерінен үзілді-кесілді бас тартқан.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2120
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2529
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2243
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1637