Жексенбі, 5 Мамыр 2024
4774 1 пікір 1 Қазан, 2019 сағат 10:40

Парижде қазақ әдебиетінің антологиясы таныстырылды

30 қыркүйекте Париж бірінші округінің мэриясында «Рухани Жаңғыру» бағдарламасы аясында аударылған және жарияланған қазіргі қазақ прозасы мен поэзиясы антологиясының тұсаукесері өтті.

Француз тіліндегі қазақ әдебиеті жинақтарын аудару және басып шығару жобасы Париждің бірінші округінің мэриясы мен елордалық мәдени қауымдастықтың қолдауымен жүзеге асырылды.

Олардың ұсыныстарына сәйкес, антологияны әйгілі әдебиет баспасы Мишель де Мюл (Michel de Maule) басып шығарды. Оның өнер мен әдебиетті насихаттау үшін аударма және баспа саласында 30 жылдан астам тәжірибесі бар.

Баспаның бас редакторы, әйгілі француз лингвисті және ақыны Тьерри-де-Ла-Круа (Thierry de La Croix) әріптестерінің басты міндеті аударманың жоғары көркемдік деңгейін қамтамасыз ету екенін атап өтті.

«Бұған бізге Қазақстанға сапар және авторлармен тікелей байланыс көмектесті. Біздің өте танымал шығармашылық ұжымымыз үлкен жұмыс істеді және біз оның нәтижесімен мақтанамыз», - деді баспагер.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1267
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1160
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 900
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1030