Дүйсенбі, 30 Қараша 2020
COVID-19 ҚАЗАҚСТАНДА. Жұқтырғандар — 130865. Жазылғандар — 116187. Қайтыс болғандар — 1990
Жаңалықтар 1824 0 пікір 26 Шілде, 2011 сағат 11:19

Алашқа ебедейсіз ескерткіш орнатпақ

2007 жылдың 6 маусымында Үкіметтің тапсырмасымен Семей қаласына Алаш қайраткерлеріне ескерткіш орнату мәселесі қолға алынған еді. Содан Мәдениет министрлігі ашық бәйге жариялап, Үкімет жанындағы республика аумағында  орнатылатын ескерткіштер мен монументтер жөніндегі мемлекеттік комиссия Едіге Рахмадиевтің эскиздік жобасын (суретті қараңыз) үздік деп таныған. Қазіргі таңда Семей қаласының әкімдігі ескерткішті орнататын жерді қарастырып жатыр. Ал, ескерткіштің қаржылық мәселесі Республикалық бюджеттік комиссияның қарауында.

Мемлекеттің тамыры - тарих. Мемлекетшілдік сананың негізі - тарихи танымда. Жалған тарихты қайдам, қазақ мемлекетінің шынайы тарихының алтын жиекті айрықша парағы - Алашорда ұлттық территорлық автономиясы және барша Алаш зиялыларының саяси, ұлттық қызметі.

Қазір елімізде тарихи таным деңгейі төрт аяқтап тұралап жатыр. Азат елдің тарихи санасын қалпына келтіріп, қоғамға үнемі насихаттап отыруы тиіс мемлекеттік билік тарих пен тарихи тұлғаларға ниетсіз қарап келеді. Оның нақты айғағы: Абылай ханның 300 жылдығы, Әлихан Бөкейхановтың 145 жылдығы атаусыз қалды. Бұл - шоқтығы биік екеуі. Соның өзі сұраусыз.

Жалпы, Алаш һәм оның тарихы ат төбеліндей алашшыл, мемлекетшіл ғана топқа қажет дүние секілді. Осыған дейін елдегі қағанағы қарқ қазақ азаматтары мен ұлттық ұйымдар тарапынан Алашқа қатысты бастама болмаса, орын алған мәселеге қатысты әу деп үн қатқанын көрген жан баласы жоқ.

Өткен жолы Семейдің орталық алаңында Алаш зиялыларына арналған ескерткіштер тізбегінің орнатылуына «қаламыздың көркін бұзады» деген сылтаумен қарсы шыққан жергілікті орыс ұйымдарына (http://old.abai.kz/node/8581) қарсы келіп, «қой» деп шаңырақты көрскеткен Үкіметті, қоғамдық ұйым мен қозғалыстарды, бекерде «елім» деп еңірегенде етегі жасқа толатын зиялыны көре алмадық. Неге? Өйткені, мемлекетшілдік сана - мүгедек.

Ендігісі - мынау (суретті қараңыз). Тағы да сол Семейде орын тебуі тиіс Алаш қайраткерлеріне арналған ескерткіштің эскизі. Жеке өз басымыз, суреттегі болашақ ескерткіштен жүні жығылып, есесі кетіп, еңсесі түскен немесе жын ұрғандай дөйдалаға тұра қашқан адам бейнесіндегі құбыжықты көріп тұрмыз. Әлде, бұл  мәңгүрттенген қазақтың типтік бейнесі ме екен?.. Бәлкім, билік пен құлдық санадан құтылмаған қоғамның болмысы осы шығар...

Тағы бір айтарымыз: Алашқа қатысты ескерткіштің бәрін Семейге топтастыра берудің өзі ел ішін және оның тарихын бөлшектеу, сондай-ақ, қазақтың біртұтас мемлекеттілігі үшін күрескен тұлғалардың еңбегі мен мұрасына қиянат іс. Әрине, Семей - Алаш  өкіметінің,  Алашорда ұлттық территорлық автономиясының орталығы, елдің астанасы, рухани ордасы болғанын ешкім жоққа шығармайды. Алайда, кешегі Алаштың да, бүгінгі алашшыл ұрпақтың да басты мақсаты - біртұтас әрі мызғымас қазақ мемлекеті. Ендеше, Алаш ардақтыларына қойылатын тарихи ескерткіштерді де ұланғайыр елдің әр аймағына қою - бірліктің белгісі.

Демек, тарихын, аяулы тұлғаларын қорлатпай қорғауды ойлайтын   азамат үшін Семейдің шенеуніктері қояр орнын қарастырып жатқан суреттегі болашақ ескерткіштің эскизі елеусіз қалар мәселе емес деп сенеміз!

Абайшыл, Алашшыл болайық, ағайын!

«Абай-ақпарат»

0 пікір