Жұма, 17 Мамыр 2024
3106 0 пікір 11 Шілде, 2019 сағат 11:02

Гендерлік саясат мемлекет тарапынан үлкен қолдауға ие

Қазақстанда әр саладағы әйелдердің үлесін арттыру үшін мемлекет тарапынан үлкен жұмыстар атқарылуда. Оған дәлел – мемлекет тарапынан қабылданған “2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат” Онда, еліміздің нәзік жандыларына көмек көрсетіп, қолдау шаралары жан-жақты қарастырылған.

Алайда бұл мәселеде біз ойлауға тиіс бір маңызды ұғым бар. Ол біздің ұлттық салт-дәстүріміз. Демек, отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасы жайлы сөз болғанда біздің ұлттық менталитетіміз де назардан тыс қалмау керек.

Жалпы, біздің халқымызда қыз баланың үй тазалығын сақтауға, әулет бірлігі мен ошақ бүтіндігін сақтауға үйреткен.

Ал, тарихтағы ерлігі үлгі болған аналардың ісі бүгінгі қоғамдағы нәзік жандыларға да үлгі болуы тиіс. Демек, Отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасы жайлы айтқанда  осындай бай тарихымыздан да бей-жай қалмауға назар аудару керек.

Ал, біздің ұғымымыздағы қазақ әйелінің мінезі мен тұлғасы қандай? Ол ең әуелі ер-азаматының абыройлы болуына жәрдемдесіп, бала тәрбиесі мен олардың жарқын болашақтары үшін дұрыс тәрбие бере білген. Ең әуелі ер-азаматының абыройын ойлайтын себебі – егер жолдасы отбасында үлгілі, абыройлы болса, оны көрген балалары да сол секілді болмақ. Демек, қай ортада болса да ер-азаматтың сыйлы болуы, ол отбасының ұлы мен қызының тәрбиелі, дұрыс, толық отбасы болуына тікелей ықпал етпек. Ал, отбасындағы осы қарапайым құндылық пен дәстүрлер ұлттық идеологияның бастауы деуге болады.

Біз бүгінгі қоғамда отбасы туралы әйелдер теңдігі туралы айтқанда халқымыздың осы бір аяулы қасиеттері туралы айтпай кете алмаймыз. Сондықтан да халқымызда әйел адамның орны мен маңызы туралы көптеген нақыл сөздер қалған. Өйткені ұрпақ және ұлттың болашағы нәзік жандылардың іс-әрекетіне байланысты екеніне талай мысалдар келтіруге болады. Қашанда ара ағайынның татулығын ойлап, балаларын ел намысын қорғайтын намысты азамат етіп тәрбиелеу-кешегі аналардан жалғасқан із.

Осындай еш маңызын жоймайтын ұлттық құндылықтарымыз бүгінгі кезең тұрғысынан да үлкен мәнге ие болуы қажет-ақ.

Сонау бабаларымыздан бері желісін үзбей жалғасып келе жатқан осы бір құндылық қашан да өз маңызын жоймайды. Демек, бұл сол кезеңнен қалыптасқан ұлттық ұстаным. Оны бүгінгі қоғам талабына сай, жаңарта білсек нұр үстіне нұр болмақ.

Ал, қазіргі кезеңнің келбетіне үңілсек. Иә, заман келбеті өзгеріп, заң жаңарды. Қазір әйелдердің білім алуы, ел ісіне белсене араласуына үлкен мүмкіндіктер қарастырылған. Соның нәтижесінде әйелдер үйде де, қызметте де өз орындарын тапқан нәзік жандарымыз аз емес.

Ал, біздің қоғамда тәнін саудалау мен нәрестелерді қараусыз қалдыру сияқты ауыр жағдайлар жоқ емес. Ал, бұл келеңсіздіктермен отбасы құндылығын насихаттау арқылы күресуге болады. Демек, отбасындағы тәрбиенің тізгінін босатпау арқылы сол тәрбиені қоғамның идеологиялық ұстыны ету арқылы осы олқылықтармен күресуге болады деп білеміз.

Ал, мемлекет тарапынан қабылданған отбасылық және гендерлік саясат бағдарламасының 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасында қоғамдағы осы олқылықтардың барлығы қамтылған. Сонымен қатар, қоғамдағы қыз баланың тәрбиесі бағытындағы жұмыстар да мемлекет деңгейінде жүргізілуіне баса назар аударылып отыр.

Осы ретте алдағы Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық демографиялық саясат ұлттық комиссиясы  әйелдер теңдігі мәселесі негізінде қоғамдағы қыз баланың отбасылық өмірге үйрететін іргелі істердің басатамасына негіз салса нұр үстіне нұр болмақ.

Ол үшін еліміздің жоғарғы оқу орындарында отбасына да қоғамдық жұмыстарға да тең уақыт бөліп, үлгі көрсетіп жүрген ардақты аналармен кездесулер өткізу маңызды. Ал, өмірі өнегеге айналған аналардың өз тәжірибесін бөлісіп отыруы да жарасымды деп білеміз... Бұл өз кезегінде отбасы татулығының негізі де осыдан туындайтынын білдірсе керек.

Ал, Президент жанындағы отбасы және әйелдер істері жөніндегі ұлттық комиссия осы іргелі істерді қолға алады деп сенеміз. Ал, бұл мақсатта ұлттық комиссия құрамын толықтырып, жаңаша істерге кірісіп кеткені белгілі.

Енді Президент жанындағы отбасы және әйелдер істері жөніндегі ұлттық комиссия туралы айтсақ...

Аталмыш ұйым – әйелдер қауымының  орны мен ролінің маңызын ұғындыру үшін аса қажет. Бұл ұйым қоғамдағы әлеуметтік ахуал ушығып тұрған сәтте қазақ әйелдеріне үлкен қолдау білдірді. Қиналған әйелдерге ақыл-кеңесін айтып, кейбір жанұяларға қаржылай көмектесіп, кәсіп ашуға ниетті нәзік жандыларға қолдау көрсетіп, барынша жағдай жасады.

Сол комиссия жасаған жағдайлардың нәтижесінде әйелдер қоғамдық істерге белсене араласты. Біршама бөлігі жеке кәсіптерін ашты. Ол өз кезегінде ел экономикасының дамуына үлкен септігін тигізді. Осындай іргелі істер мемлекеттің қолдауымен әлі де көптеп істеліп жатыр.

Сонымен қатар, шағын және орта бизнестегі әйелдердің үлес салмағы да едәуір өскен. Одан бөлек, ғылым мен білім саласындағы нәзік жандылардың үлесі де артқан. Яғни, ғылыми тұжырым жасау мен оқулық жазудағы әйелдер үлесі артқан.

Бұл тұрғыда ҚР Президенті жанындағы әйелдер істері және отбасылық демография ұлттық кеңесі де өз тарапынан жыл сайын түрлі байқаулар мен нәзік жандылардың білім алып, еңбегін шыңдау үшін түрлі конкурстар өткізіп келеді. Ал, мемлекет бизнеспен айналысатын әйелдерді қолдайтыны екібастан белгілі.

Бұл тұрғыда біз нәзік жандылардың қоғамдық істерге тарту жағынан біз қоңсы елдермен салыстырғанда көш ілгері тұрмыз. Бұл тұрғыда біздің осы бір ісіміздегі біраз мәселеде солтүстіктегі көршіміз де үлгі алып отырғанын тілге иек ете кетейік.

Қазір еліміздің денсаулық сақтау саласының сексен проценті, білім беру саласының 90 проценті әйел адамдарға тиесілі. Демек, гендерлік саясат өз жемісін беріп отыр деген сөз.

Ал, бұл салалардағы қызмет сатысымен көтерілген әйелдер қауымының басшылыққа келуі қалыпты құбылыс. Алайда олар, отбасы бірлігі мен татулығын, бала тәрбиесінің жауапкершілігін де ұмытпақ емес.

Біздің қоғам осындай жан-жақты дамыған, білімді нәзік жандыларды қолдауды ешқашан назардан тыс қалдырған емес. Бұл біздің мемлекеттік саясаттың тағы бір үлгі тұтар тұсы.

Ерғали Берікұлы

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2097
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2514
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2192
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1619