Сәрсенбі, 1 Мамыр 2024
3051 1 пікір 2 Тамыз, 2019 сағат 13:29

Ертең «Салттар әлеміне саяхат» кітабының тұсаукесері өтеді

«Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігі» қоғамдық қоры Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ қолдауымен «Дәстүрлі рухани құндылықтарды қолдау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру» жобасы аясында шығарылған «Салттар әлеміне саяхат» кітабының тұсаукесеріне шақырады. Тұсаукесер «Мәміле» клубымен бірлесіп өткізіледі.

Кітапқа қазақ салттары туралы нақты тарихи дәлелденген мәліметтер негізінде жазылған 52 мақала енгізілген.

Кітапта келтірілген қызықты тарихи деректер оқырмандарға бабаларымыздың рухани құндылықтарын тануына игі ықпал етері сөзсіз.

Тұсаукесер барысында «Адырна» ұлттық порталының 10 жылдығына арналған «10 жыл-10 жүлде» атты бәйгесінің қорытындысы жарияланып, жеңімпаздар марапатталады.

Іс шараға қатысып, ақпараттық тұрғыдан қолдау көрсетуге шақырамыз.

Өтетін орны: Алматы қаласы, Абай даңғылы, 20/14. Ұлттық кітапхана,
Уақыты: ертең  3 тамыз, сағат 11-00.

Байланыс: 8-747-933-91-09.

E-mail: adyrna@bk.ru

Қосымша байланыс: Арман Әубәкір +77072702102

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар