Жұма, 9 Желтоқсан 2022
4361 4 пікір 31 Шілде, 2019 сағат 11:45

11 қыркүйектегі теракт ісімен айыпталушы бар шындықты айтуға келіскен

2001 жылдың 11 қыркүйегінде Нью-Йорктегі терактіні ұйымдастырушылардың бірі Халид Шейх Мохаммед Сауд Арабияның шабуылдарға қатысы болды деген ақпаратты растауға дайын.

Ол куә еткені үшін АҚШ билігінен өзін өлім жазасына кеспеуін сұрап отыр деп хабарлайды The Wall Street Journal.

Басылым мәліметіне қарағанда, айыпталушы Гуантанамо түрмесінен терактіден қайтыс болған адамдардың туыстарының арыздарын қарап жатқан Манхэттендегі федералдық сотқа хат жіберген. Шағым берушілер Сауд Арабияны 11 қыкүйекте террористік актілерді ұйымдастырған "Әл-Каида" ұйымын қаржыландырып келді деп айыптайды. Сот процесі кезінде шағымданушылар бұл іс бойынша ұсталғандарды қайта тергеуге алуды талап еткен.

Сауд Арабия үкіметін қорғаушы Майкл Келлог WSJ басылымына пікір білдіруден бас тартқан.

2001 жылдың қыркүйегінде содырлар жолаушы ұшақтарын басып алып, Нью-Йорктегі дүниежүзілік сауда үйі мен Пентагонды шабуылдады. 80 елдің үш жүзден астам азаматы қаза тапты. "Әл-Каида" террористік ұйымының саяси кеңесшісі ретінде саналатын Халид Шейх Мохаммед 2003 жылы ұсталған.

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Қандастар қазаққа, Қазақстанға не берді?

Райыс Әріпжанұлы 2623
Алашорда

Түркілік тек және түркі-моғол бірлігі

Жәди Шәкенұлы 1789
Қауіп еткеннен айтамын

Газдың геосаяси «геморройы»

Әміржан Қосан 1891