Жексенбі, 12 Шілде 2020
COVID-19 ҚАЗАҚСТАНДА. Жұқтырғандар — 58253. Жазылғандар — 33814. Қайтыс болғандар — 264
Деп жатыр 2199 16 пікір 29 Шілде, 2019 сағат 16:45

Құлыбаевтың досы һәм табиғи байлықты бақылау пульті

Елімізде маусым айында Президент Қ.Тоқаевтың жарлығымен Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі құрылды.  Мағзұм Мырзағалиев аталған министрліктің тізгінін ұстады. Осыған қатысты Kazakhstan 2.0 сайты “Ослабление Тимура Кулибаева” атты мақала жариялап, бұл шешімнің артында не тұрғанын түсіну маңызды депті. Біз осы мақаланы оқырман назарына ұсынуды жөн көрдік...

Президент Қ.Тоқаевтың жарлығына сәйкес, жаңа министрліктің  атқаратын қызметі мен өкілеттіктеріне:

- ҚР  Энергетика министрлігі  -  «қоршаған ортаны қорғау, қатты тұрмыстық қалдықтарды басқару, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану және қорғау; табиғи байлықтарды бақылау және қадағалаудың мемлекеттік саясатын қалыптастыру және іске асыру;

- ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі -  су ресурстарын пайдалану және қорғау, сумен қамтамасыз ету;

-ҚР индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігі - «мемлекеттік геологиялық зерттеу, минералды-шикізат базасын толықтыру жатады.

Демек, “Геология және жер қойнауын пайдалану” комитеті ҚР Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігінен жаңадан құрылған ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне барлық атқаратын қызметі мен өкілеттіктерін толығымен өткізетін болады.

Аталған сала мамандарының айтуынша, қазір Ақордада мүдделі тараптар мен олардың артында тұрған элиталық топтар арасында жер қойнауын пайдалану департаментін ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне толық немесе ішінара беру туралы талас жүріп жатыр. Бұл шиеленістің себептері айқын. Себебі - лицензиялар беру құқығы және жер қойнауын пайдаланушыларды қадағалау функциясы - қазіргі кезде елдегі ең құнды әкімшілік ресурстардың бірі болып табылады. Демек, аталған министрліктің тізгінін Құлыбаевтың 2010 жылдан бергі серіктесі Мырзағалиевтің ұстауының да астарында үлкен мәселе жатыр деген сөз. Серіктесі дейтініміз Мағзұм Мырзағалиев  2010 жылдан бері - «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ сервистік жобалар жөніндегі басқарушы директоры - басқарма мүшесі болған. Ал, Тимур Құлыбаев 2008-2011 жылдар аралығында “Самрұқ-Қазына” ұлттық әл-ауқат қоры АҚ басқарма төрағасының орынбасары және қордың еншілес “Қазатомпром”, “ҚазМұнайГаз”, “Қазақстан Темір жолы”, “KEGOS”, “Самрұқ-Энерго” компанияларының төрағасы болған.

Аталған жайтқа қатысты  Энергетика министрі Қанат Бозымбаев өзінің бұрынғы орынбасары Мағзұм Мирзағалиев туралы Kapital.kz сайтына берген сұхбатында:

“Магзум Маратович - тәжірибелі жетекші. Ол алты жылдан астам энергетика вице-министрі болып жұмыс істеді. Ол менімен салыстырғанда төрт-бес үкіметте,  үш министрмен қызметтес болды. Ол түрлі салаларды, соның ішінде жер қойнауын пайдалануға қатысты салаларды қадағалады. Ол біздің еліміздің геологиялық мәселелерін жақсы түсінеді. Ол вице-министр қызметінен босағанымен, іс жүзінде экология министрі болып жұмыс істеді. Сондықтан ол бұл саланың мәселелерін жақсы біледі”  деді.

Алайда, инсайдерлердің пікірінше, Қанат Бозымбаев пен Мағзұм Мирзағалиев арасындағы жеке және қызметтік қарым-қатынас айтарлықтай жақсы емес. Ал Мырзағалиев басқаратын жаңа министрліктің құрылуы бұл жағдайды одан сайын ушықтырды.

Бірақ, Ақордада Бозымбаевты экс-президенттің күйеу баласы, экономиканың мұнай-газ секторындағы бейресми кураторы Тимур Құлыбаевтың жақтасы деп санайды. Бұл өз кезегінде Қазақстан Президенті Әкімшілігінің сол кездегі басшысы Бақытжан Сағынтаевтың “туындысы” болып саналады.

Шамасы Бақытжан Сағынтаев Н.Назарбаевтың жоспарына сәйкес, ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Дариға Назарбаева мен ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшысы Кәрім Мәсімов президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың негізгі қарсыластарына (теңгерушілеріне) айналуы керек және сонымен бірге ол үшін бақылаушы рөлін атқаруы керек.

Ал, инсайдерлердің пікірінше, Мағзұм Мырзағалиев Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің басшысы болып тағайындалғанға дейін бұл лауазымға үміткерлердің тізімі едәуір үлкен болған. Алайда, бұл жағдайда Бақытжан Сағынтаев  басым түскен.

Сондай-ақ, ҚР геология және жер қойнауын пайдалану департаментінің жаңа министрлікке берілуі қара нарық лицензиясының кураторы болып табылатын Досмұхамбетов - Тоқтабаев тандемінің позициясын әлсіретеді.

Және Тимур Құлыбаев пен оның қорғаушысы Қанат Бозымбаевтың жағдайын да әлсіретуі мүмкін.  Өйткені бұл мұнай-газ саласындағы өкілеттіктерді қайта бөлуге ықпал етеді.

Нұрбике Бексұлтанқызы

Abai.kz

16 пікір