Жексенбі, 19 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2106 0 пікір 9 Шілде, 2011 сағат 08:01

Еліміздің әскери қызметшілері Рио-де-Жанейрода өтетін Бүкілдүниежүзілік армияшылардың спорттық ойындарына қатысады

АЛМАТЫ. 9 шілде. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Ағымдағы жылғы 16-24 шілде аралығында Рио-де-Жанейро қаласында өтетін әскери қызметшілер арасындағы 5-әлемдік армиялық ойындарға еліміздің әсерилері де қатысады.

Ойындарға Қазақстан Қарулы Күштерінің 52 спортшыдан тұратын құрама командасы қатысып, баскетбол, бокс, дзюдо, жеңіл атлетика, парашют спорты, таэквондо, триатлон сынды спорттың 7 түрінен өнер көрсетеді.

Бұл додадаға әлемнің 108 елі спорттың 21 түрі бойынша өз командаларын үкілеп қосқалы отыр. Мамандардың болжауынша, шамамен 7 мыңнан астам спортшы қатысатын бұл сайыс көлемі жағынан әскери ойындар тарихындағы ең үлкені болмақ.

Қазіргі таңда Армиялық спорттың бүкіләлемдік кеңесін (CISM) әлемнің 133 елі Қарулы Күштерінің делегациясы құрайды. Бұл спорт ұйымы Халықаралық Олимпиялық комитет пен Студенттік спорт одағынан кейінгі кешенді спорттық жарыстар өткізетін бірден-бір ұйым болып табылады.

CISM жыл сайын әскерилер арасында спорттың әр түрінен жиырмадан астам әлем чемпионаттарын өткізіп тұрады. Оған әр төрт жыл сайын өткізілетін Бүкіләлемдік жазғы және қысқы армиялық ойындарды қосыңыз.

1-ші жазғы Бүкіләлемдік Армиялық ойындар 1995 жылғы қыркүйек айында Римде өткізілді. Бұл байрақты дода екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталғанына 50 жыл толуына арналды. Осы сайыста әлемнің 93 елінен қатысқан командалар спорттың 17 түрінен өнер көрсетті. 103 адамнан тұратын Қазақстан Қарулы Күштерінің құрама командасы спорттың 12 түрінен жазғы ойындарға қатысқан болатын. Біздің спортшылар сол жолы 1 алтын,
3 қола медальді иеленген еді. Жалпыкомандалық есеп бойынша 83 елдің арасынан XVIII орынды місе тұтты.

2010 жылы СISM чемпионатында Қазақстан Қарулы Күштерінің командасы баскетболдан VII, еркін күрестен жалпыкомандалық есеп бойынша V орын алды. Бокстан былтыр өткен Әлем чемпионатында біздің жігіттер командалық I орынды бағындырып, барлығы 9 медальді қанжығаға байлаған болатын. Оның - екеуі алтын, үшеуі күміс, төртеуі қола.

Бразилияда өтетін 5-бүкіләлемдік армия ойындарына қатысатын Қазақстан Қарулы Күштері құрамасында елімізге танымал спортшылар өнер көрсететін болады.

Жалпы Армиялық спортшылардың бірқатары 2012 жылы Лондонда өтетін Олимпиялық ойындарға қазірдің өзінде жолдама алып үлгірген.

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2147
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2552
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2368
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1661