Жексенбі, 19 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2030 0 пікір 9 Шілде, 2011 сағат 08:00

Қазақстандық ғалым қылмыстық саясатты ізгілендірудің жаңа моделін ұсынды

АСТАНА. 9 шілде. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - Бүгін Астанада заң ғылымдарының кандидаты Қуат Рахымбердиннің «Қазақстандағы азаматтық қоғам мен оның қылмыстық саясатты ізгілендірудегі рөлі» атты монографиясының таныстырылымы болды.

Зерттеуде азаматтық қоғамның қылмыстық саясатты ізгілендіру субъектісі ретінде қарастырылады. Сонымен қатар оның инновациялық моделінің құрылу, қалыптасу және даму кезеңдеріндегі кешенді проблемалары қамтылған. Қ. Рахымбердиннің осы саладағы тақырыбы Қазақстанда тұңғыш рет зерттеліп отыр. Сонымен қатар автор аталған еңбекте үкіметтік емес ұйымдардың кәсіби рөлі туралы, соның ішінде діни бірлестіктерге және олардың қоғамдағы орны туралы жеке тоқталады.

«Мен аталмыш монография арқылы қылмыстық саясатты ізгілендіру үдерісіне азаматтық қоғамның қатысу моделін жасақтауды мақсат еттім», - дейді автор.

«Қазақстанның қылмыстық саясаты әлі де болса Кеңес дәуірінен келе жатқан кейбір түйткілдерден арылған жоқ. Оны 20 жыл ішінде жою мүмкін де емес. Сондықтан аталған өзекті мәселелерді шешуде елдегі барлық азаматтық субъектілердің қатысуы аса қажет», - деп есептейді ол.

Автордың пікірінше, бұл іске тәуелсіз БАҚ белсенді араласуы тиіс. Олар өткір мәселелерді қаншалықты ашық әрі жария ететін болса, қоғам соншалықты сауыға түспек, қылмыстық саясат соғұрлым жүйелене бермек.

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2146
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2552
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2367
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1661