Жексенбі, 19 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2005 0 пікір 9 Шілде, 2011 сағат 07:59

Алматы тұрғындары Медеу шатқалын дауылдан қираған ағаштардан тазартып жатыр

АЛМАТЫ. 9 шілде. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Алматы қаласындағы Алатау ауданының тұрғындары 17 мамырда болған дауыл салдарынан Медеу шатқалында қираған ағаштарды  тазарту акциясын өткізіп жатыр.

Бұл игілікті шараға Алатау ауданының 1800 тұрғыны қатысуда, сондай-ақ құлаған ағаштарды тасымалдауға 100-ге жуық арнайы техника жұмылдырылған.

«Кейінгі уақыттарда табиғаттың тосын мінез көрсетуінің салдарынан көрікті Медеу шатқалында қаншама ағаштар қирап, бұл жердің ұсқыны кетті. Осыған орай біздің аудан тұрғындары осы шараны өткізуге үндеу тастап, Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімовтің рұқсатын алды. Әлемге танымал бұл көрікті мекенді қайта қалпына келтіріп, оның әдемілігін сақтауымыз керек», -дейді Алатау ауданының әкімі Бағдат Мәнізоров.

Аудан әкімі сондай-ақ бұл ағаштарды жылдам тазартпаса, олар кеуіп, келешекте өрт қаупін туғызатындығын айтып өтті. «Сондықтан біздің аудан көтерген акцияны қаланың өзге де аудан тұрғындары қолдап, жалғастырады деген ойдамыз», -дедеі Б.Мәнізоров.

«Дауыл болғанына екі айдай уақыт өтті, дегенмен құлаған ағаштарды тазртау жұмыстары әлі бәсең. Егер тазарту жұмыстарына көптеген адамдар мен техниканы, сонымен қатар қаржы бөлмесе бұл жұмыс бірнеше жылға созылып кетуі мүмкін», -дейді Алматы қаласы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау басқармасының бастығы Алтай Рахымбетов.

Бұл жерледі тазалауға сонымен қатар әскери бөлімнен де адамдар жұмылдыруда, алайда қала тұрғындары көрікті қаламызды тазартуға қол ұштарын созып жатқандығы өте қуантарлық жағдай екені белгілі.

«Алматы қаласын Медеу, Шыбұлақ шатқалдарынсыз елестету мүмкін емес. Алайда бұл жерлердің бүгінгі күйі алаңдатарлықтай. Табиғатымыздың көрікті болып қалуына әрбір қала тұрғындары өз үлесін қосуы керек. Міне осындай бастамамен өзім де бүгін осы жерге келіп тазарту жұмыстарын істеп жатырмын», -дейді Алатау ауданының тұрғыны Күләш Әміренова.

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2146
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2552
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2368
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1661