Жексенбі, 19 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2219 0 пікір 8 Шілде, 2011 сағат 13:29

Қырғызстан сайлаудан кейін сыртқы саясатта бір тарапты бағытты ұстанады - Жалпыұлттық конгресс жетекшісі Аликбек Жакшинкулов

АЛМАТЫ. 8 шілде. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Қырғыз Республикасы үшін ағымдағы жылдың 30 қазанында өтетін Президент сайлауының маңызы өте зор.

Мемлекеттік даму жолында бұрынғы кеңестік республикалардың ішінде бірінші болып парламенттік басқару жүйесін таңдап алған бұл елдегі әлеуметтік-экономикалық және саяси ахуалға қазір әркім әртүрлі баға беруде. Біз осыған орай Қырғыз Республикасының бұрынғы Сыртқы істер министрі,  Жалпыұлттық конгресс жетекшісі, саяси ғылымдар докторы Аликбек Жакшинкуловты әңгімеге тартқан едік.

- Аликбек Жакшинкулұлы, Қырғызстандағы Президент сайлауының дүрмегі енді ғана басталғанына қарамастан кейбір бұқаралық ақпарат құралдары  үміткерлер туралы әңгіме қозғай бастады. Бұл туралы Сіздің көзқарасыңыз қандай?

- Қазірдің өзінде Президент болғысы келетіндердің қарасы 20-дан асты. Олардың тәжірибесі, білімі, саяси көзқарасы мен ұстанымы әртүрлі деңгейде.  Бұл  жершілдік пен трайбалистік көңіл-күйді  күшейтуі мүмкін деген  қаупім бар. Әйтсе де, мен ойлаймын, қырғыз елі лайықты Президентті таңдайды. Оған ақылы да  парсаты да толық жетеді. Олар қандай жағдай болмасын, ең алдымен,  тыныштық пен татулықты қалайтыны анық.

- Мемлекеттік басқару жүйесіндегі өзгерістерден кейін, елдің ішкі және сыртқы саясатында қандай да бір жаңа өзгерістер болуы мүмкін бе?

- Өткен 20 жылда  Қырғызстанның саясаты көп тарапты болып келді.  Бірақ одан жақсы нәтиже шықпады. Үміт ақталмады. Одан елдің, халықтың имиджі үлкен зардап шекті. Қазір ұлттық конгрестегі 19 партияның өкілдері 1 тарапты сыртқы саясат болсын деп отырмыз. Қазақстанмен және Ресеймен тығыз байланысып еларалық абыройымызды, жауапкершілігімізді көтеруіміз қажет.  Бір тарапты сыртқы саясат ұстанудың біз үшін маңызы өте зор.  Алдағы уақытта  Қазақстанмен ықпалдастық үдерістерді барлық жағынан жүргізу керек. Мейлі ол  саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени салаларда болсын.  Біздің бұл ұстанымымызға бүкіл ел қолдау көрсетуде.  Өйткені бауырлас Қазақ елімен біздің  тарихымыз, мәдениетіміз, экономикамыз әбден тығыз байланысқан. Егер енді анда-мұнда алаңдамай Қазақстанмен барлық мәселеде ынтымақтассақ, оның оң нәтижесін көру үшін ұзақ күтудің қажеті болмайды.

- Мемлекеттің бұған дейін ұстанып келген көп векторлы саясатынан бірден бас тартуы оңай болмасы анық. Бұл ойыңызды тағы да тарата түссеңіз жақсы болар еді.

- Көп тарапты саясаттан бір тарапты саясатқа көшудің негізгі 2 себебі бар. Біріншісі, қазір Ресейде 1 миллионға жуық, ал Қазақстанда 300 мың қырғызстандық еңбек мигранттары бар.  Олар өздерінің отбасы мен туыс-туғандарына жылына 2 миллиард доллардан астам қаржы салуда.  Екіншісі, мен жоғарыда айтып кеттім біз  қазір саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени жағынан бір-бірімізбен біте қайнасып кеттік.  Біздің  ортақ тарихымыз   бен мәдениетіміздің байыпты тұғыры бар.  Бірполярлы саясат  өзге елдермен ынтымақтасудан бас тартуды білдірмейді.  Мәселен, Ұлыбритания мен Израиль АҚШ-тың стратегиялық одақтасы саналады.   Алайда бұл олардың өзге  елдермен  ынтымақтасуына кедергі келтіріп отырған жоқ. Қырғызстан бір мезгілде 2 үстелге отыруға ұмтылмауының керектігін түсінуі керек.

Қырғызстандағы саяси, экономикалық ахуал қазіргі таңда онша емес. Тұрақтылық болып, серіктестеріміз  экономикалық жәрдем беретін болса  жағдаймыз тез  оңалады. Сондықтан мемлекет, ел үшін жақсы істер жасауымыз керек. Қазір қарама-қайшылықтар көп. Ұлттық конгресс тұрақтылықты сақтайық, қандай саяси  көзқараста болсақ та біліміміз бен білігімізді  қырғыз мемлекетінің  дамуы мен өсуі жолына салу керек деген ойды айтып жатырмыз.

- Сайлаудан кейін қандай өзгерістерді күтесіз?

- Елде әртүрлі  партиялар мен топтар бар. Түрлі саяси көзқарасты ұстанып кейбірі жершілдікті, рушылдықты қоздатуға тырысуда. Ислам дінінің атын жамылып елге іріткі салуды  көздеушілер де жоқ емес. Сол себепті  Ұлттық конгресс өзара сыннан қоғамды нығайтуға ұмтылу   идеологиясын жүргізуде.   Енді елдің әрбір азамат  өздері де ойлануы тиіс. Даму мен өсіп-өркендеу жолына  түсу үшін бәріміз бір жеңнен қол, бір жағадан  бас шығаруға ұмтылуымыз керектігін өзіміз ғана сезініп қоймай, басқаларды да соған сендіре білуіміз қажет. Оған біздің мүмкіндігіміз бар.

- Егер Сіз Президент болсаңыз не істер едіңіз?

- Егер мен Президент болсам біріншіден, елге тыныштық орнатып, дипломат ретінде жершілдік пен  ұлтаралық жікшілдік мәселесін шешуге күш салатын едім. Екіншіден,  экономиканы жолға салар едім. Бізге енді өз ісімізді жасауға даярлық керек. Қырғызстанда өз   экономикасын құруға толық мүмкіндік бар. Мәселен ауылшаруашылығы, энгергетика, тау-кен ісі, туризм   сияқты негізгі 4  бағытта  үлкен істерді жасауға болады. Әлбетте бұдан бөлек тағы бір үлкен мәселе бар. Ол - мәдени-гуманитарлық даму саласы.  Онда да көп істерді жасауға болады.

- Қырғыз халқы мен билік жүйесі 2005, 2010 жылғы төңкерістен қандай  да бір сабақ ала алды ма? Егер алдағы президенттік сайлау әділ және ашық өтпесе халық тағы ереуіл жасап, көшеге  шығуы мүмкін бе?

- Әрине. Меніңше халық та, билік те 2005, 2010 жылдардағы қайғылы оқиғалардан  үлкен сабақ алды. Әділдік пен теңдік алдағы күнде мемлекеттің басты тірегі болмақ.  Егер сайлау таза, әділ өтпесе халық тағы да көшеге шығуы мүмкін. Енді барлық мәселе сайлаудың әділ өтуіне байланысты болып тұр. Дегенмен, бұл сайлау бұған дейінгі сайлауларға қарағанда аса тартысты болмауы мүмкін. Өйткені 2010 жылғы сәуір айында белгіленген өтпелі кезеңде  еліміз Президенттік басқару жүйесінен Парламенттік басқару  жүйесіне көшті. Сондықтан Президенттің өкілеттігі  шектеліп, Парламенттің құзыры күшейді. Бұл халық қалаулыларының өзіне жүктелген сенімін ақтауына үлкен ықпал етпек.

- Үміттеріңіз толық ақталсын! Әңгімеңізге рахмет!

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2144
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2549
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2349
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1657