Жұма, 17 Мамыр 2024
2324 0 пікір 15 Шілде, 2019 сағат 12:12

Мәскеуде полиция "Әділ сайлау үшін" акциясына шыққандарды күштеп таратты

Мәскеуде 14 шілдеде қалалық думаға сайлауға (сайлау қыркүйекте өтеді) ұсынылып жатқан тәуелсіз үміткерлерді қорғау үшін акция өтті. Бірақ полиция жиналғандарды күштеп таратты. Ұсталғандар да бар.

Мыңға жуық адам Пушкин алаңы алдында жиналды. Ұйымдастырушы - оппозиционер Алексей Навальный.

Ұсталғандар арасында Коррупцияға қарсы күрес қорының заңгері Любовь Соболь да бар.

"ОВД-Инфо" мәліметінше, полиция 38 адамды ұстаған.

Таяуда Мәскеу қалалық сайлау комиссиясы 43-сайлау округына өзін өзі ұсынған Коррупцияға қарсы күрес қорының заңгері Любовь Собольды үміткер ретінде тіркеуден бас тартқан. Любовь Собольдың айтуынша, ол жинаған қолдың 15 процентін жарамсыз деп тапқан.

Нәтижесінде Мәскеудегі 43-сайлау округы бойынша үш адам ғана сайлауға қатыса алады. Олар - КПРФ, ЛДПР және "Справедливая Россия" партиясының өкілдері. Заңға сәйкес олар қол жинауға тиісті емес.

 Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2097
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2514
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2194
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1620