Жексенбі, 19 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2617 0 пікір 8 Шілде, 2011 сағат 08:21

Ақпараттық хабарлама

Ақпараттық хабарлама

ҚМГ БӨ өз кәсіпорындарындағы наразылық акциялары төңірегіндегі арандатушылықтарды жоққа шығарады

Астана, 7 шілде 2011 ж. «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ («ҚМГ БӨ», «Компания») «Өзенмұнайгаз» ӨФ («ӨМГ») және «Қаражанбасмұнай» («ҚБМ») АҚ-ларында болып жатқан наразылық акциялары төңірегінде арандатушылық әрекеттердің жиілеп кетуіне байланысты төмендегідей мәлімдеме жасауды қажет деп санайды.

Қазіргі таңда ӨМГ-да жалпы 9000 жұмыскердің 13 %-ы ғана жұмысқа шықпай отыр. Наразылық акиясына қатысушылардың басым бөлігі ұңғымаларды өңдеу және жерасты жөндеу жұмыстарын жүргізуге қажетті арнаулы техникалардың жүргізушілері. ҚБМ-да  60 %-дан 63 %-на дейін жұмыскер вахталық әдіспен жұмыс істеп жатыр, бұл ретте жоспардан төмен болса да, тұрақты өндіру деңгейін ұстап тұру мүмкін болып тұр. Өзен және Қаражанбас кенорындарында жұмыс тоқтаған жоқ, мұнай өндіру тоқтатылған жоқ.

Ақпараттық хабарлама

ҚМГ БӨ өз кәсіпорындарындағы наразылық акциялары төңірегіндегі арандатушылықтарды жоққа шығарады

Астана, 7 шілде 2011 ж. «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ («ҚМГ БӨ», «Компания») «Өзенмұнайгаз» ӨФ («ӨМГ») және «Қаражанбасмұнай» («ҚБМ») АҚ-ларында болып жатқан наразылық акциялары төңірегінде арандатушылық әрекеттердің жиілеп кетуіне байланысты төмендегідей мәлімдеме жасауды қажет деп санайды.

Қазіргі таңда ӨМГ-да жалпы 9000 жұмыскердің 13 %-ы ғана жұмысқа шықпай отыр. Наразылық акиясына қатысушылардың басым бөлігі ұңғымаларды өңдеу және жерасты жөндеу жұмыстарын жүргізуге қажетті арнаулы техникалардың жүргізушілері. ҚБМ-да  60 %-дан 63 %-на дейін жұмыскер вахталық әдіспен жұмыс істеп жатыр, бұл ретте жоспардан төмен болса да, тұрақты өндіру деңгейін ұстап тұру мүмкін болып тұр. Өзен және Қаражанбас кенорындарында жұмыс тоқтаған жоқ, мұнай өндіру тоқтатылған жоқ.

Наразылық акиясына қатысушыларға бірнеше рет ауызша және жазбаша түрде олардың талаптарының заңсыз екендігі және оларды орындаудан Компанияның бас тарту себептері түсіндірілді. Мемлекеттік және сот орындары наразылық акиясының кейбір көшбасшыларының заңнаманы дұрыс түсіндірмей жүргенін бірнеше рет түсіндірді. Осылайша, мемлекеттік еңбек және халықты әлеуметтік қорғау органдары өкілдерінің әрекетіне шағымданбақ болған ҚБМ кәсіподағының бұрынғы заңгері Н. Соколованың, ҚБМ кәсіподағының төрағасы Е.Қосархановтың талап-арызы бойынша түрлі инстанциядағы сот орындары үш рет сот шешімдерін шығарып, аталған талаптар заңнамаға сәйкес келмейді деп танылды. Жаңаөзен қаласының соты ӨМГ жұмыскері К.Б.Айтешованың талап-арызы бойынша ереуілшілердің талаптарын негізсіз және заңсыз деп таныған шешім шығарды.

ҚМГ БӨ жұмыс берушінің келіссөздерді жалғастыруға дайын екендігін ескере отырып, еңбек дауын шешудің ымырашыл тәсілдері түгесілген жоқ деп санайды, алайда белсенділер Компанияға күш көрсету әдісін қолдануды дұрыс деп тапты. Олар ӨМГ мен ҚБМ-да сот шешімімен заңсыз деп танылған наразылық акияларын ұйымдастырды. Осылайша, осы акцияларды ұйымдастырушылар заңды бұзып қана қойған жоқ, сонымен қатар сот орындарының шешіміне бағынбады. Аталған заңсыз наразылық акциясына қатысушылар осылайша ереуіл барысында локауттарды жүргізуге тиым салу қорғанысына жатпайды, олар еңбек тәртібін бұзушылар болып табылады және Еңбек кодексіне сәйкес жұмыстан шығарылады. Қазіргі таңда ӨМГ-де жұмысқа шықпағаны үшін 267 адам, ал ҚБМ-да 160 адам жұмыстан шығарылды.

Компания тағы да ӨМГ-дегі өндірістік жұмыскерлердің орташа айлық жалақысы шамамен 300 мың теңгені, ал ҚБМ-да шамамен 257 мың теңгені құрайтынын атап өтеді, бұл Қазақстандағы, Маңғыстау облысындағы, сондай-ақ Астана және Алматыдағы  орташа айлық жалақы деңгейінен айтарлықтай асып түседі. Компания бұл ретте жалақының орташа деңгейі туралы айтып отыр, яғни нақты жұмыскердің айлық жалақысы оның лауазымына, біліктілігіне және разрядына байланысты және ол орташа деңгейден жоғары немесе төмен болуы мүмкін.

Одан бөлек, қоғамдық пікірге кері әсер етуге тырысқан кейбір белсенділер айлық жалақының төмен деңгейінің «дәлелі» ретінде кейбір айлардағы есеп айыру қағаздарын ұсынуда, олар жұмыскердің нақты жалақысы туралы дұрыс ақпарат бермейді (атап айтқанда, бұл жұмыскер еңбекке жарамсыз болған немесе еңбек демалысында болған, осы кезде жоспардың орындалмауына байланысты сыйақы төленбеген кезеңдерге қатысты). ҚМГ БӨ Компанияның іскерлік беделіне шығын келтіруі мүмкін әдейі жалған ақпараттарды таратқаны үшін жауапкершілік туралы ескертеді.

Компания ҚБМ және ӨМГ еңбек ұжымдарының өкілі ретінде ресми сайланған кәсіподақ көшбасшыларымен диалог орнатуға күш салады. Атап айтқанда, бұған дейін Компания ресми түрде хабарлағандай, маусым айының ортасында ҚМГ БӨ Директорлар кеңесінің төрағасы А.С.Айдарбаев және ҚМГ БӨ Бас директоры А.Қ.Балжанов ӨМГ кәсіподағының өкілдерімен кездесті. Алайда, қазіргі таңда ӨМГ кәсіподағында да, ҚБМ кәсіподағында да жікке бөлінушілік байқалып, наразылық акциясына қатысушылар кезінде еңбек ұжымдары ресми сайлаған кәсіподақ көшбасшыларын мойындамай отырғандықтан олармен келіссөз жүргізу қиындап отыр.

ҚМГ БӨ бұрынғысынша наразылық акциясы толықтай тоқтатылған жағдайда ӨМГ және ҚБМ еңбек ұжымдарының өкілетті өкілдерімен диалог құруға дайын екенін атап өтеді.

Сонымен бірге, Компания жариялықты қолдайтынын растай отырып Қазақстанда және одан тысқары жерлерде жұмыс істейтін кез-келген қоғамдық ұйымдарға және БАҚ-қа жедел түрде дұрыс ақпарат беруге дайын.

ҚМГ БӨ халықаралық ұйымдар мен жария тұлғалар мүдделі тараптың таратқан ақпараттарына байыпты қарап, қандай да бір жариялы мәлімдеме жасамас бұрын онда келтірілген деректердің дұрыстығына көз жеткізеді деген сенімде.

 

АНЫҚТАМА

ҚМГ БӨ мұнай өндіру көлемі жағынан Қазақстанда көшбасшылардың үштігіне кіреді. Компанияның өндіру көлемі «Қазгермұнай» БК ЖШС мен CCEL («Қаражанбасмұнай») «ПетроҚазақстан Инк.» және «НБК» ЖШС компанияларындағы үлестерді есептегенде, 2010 жылы 13,3 млн. тоннаны (тәулігіне 270 мың баррель) құрады. ҚМГ БӨ-нің мұнайдың дәлелденген және болжамды қорларының көлемі 2010 жылдың соңындағы жағдай бойынша 232 млн. тоннаны (1,7 млрд. баррелді), ал еншілес компаниялардағы үлесті есептегенде 2,2 млрд. баррельден астамды құрайды. Компанияның жай және артықшылықты акциялары Қазақстан Қор Биржасында, ал ғаламдық депозитарлық қолхаттары - Лондонның Қор Биржасында листингтен өтті. 2006 жылдың қыркүйегіндегі ІРО кезінде Компания 2 миллиардтан астам АҚШ долларын тартты. 2010 жылдың шілдесінде халықаралық Standard & Poor's агенттігі Компанияның несиелік рейтингін «ВВ+» деңгейінде, ал 2010 жылдың қарашасында «GAMMA-6» корпоративтік басқару рейтингін растады.

 

Байланыстық ақпарат:

«ҚМГ БӨ» АҚ, Жұртшылықпен байланыс (+7 7172 97 7600)

Дәулет Жұмаділ

e-mail: pr@kmgep.kz

 

«ҚМГ БӨ» АҚ, Институционалдық инвесторлармен байланыс (+7 7172 97 5433)

Әсел Қалиева

e-mail: ir@kmgep.kz

 

Pelham Bell Pottinger (+44 207 861 3147)

Елена Добсон

е-mail: edobson@pelhambellpottinger.co.uk

 

Болашаққа қатысты мәлімдеме

Осы құжатта «болашаққа қатысты мәлімдеме» болып табылатын немесе есептелетін мәлімдеме қамтылған. Басқаларының арасындағы «санайды», «алдын ала бағалау бойынша», «күтіп отыр», «болжам бойынша», «ұйғарып отыр» , «жоспарлап отыр», «ұйғарды», «болады» немесе «болуы тиіс» деген сөздерді қоса алғанда болашақты сипаттауға арналған терминология, не, әр жағдайда осыған ұқсас немесе пара-пар терминология, не талқылауға арналған сілтемелер, болашақ оқиғаның немесе ниеттің жоспарлары, мақсаттары, міндеттері келешекке қатысты мәлімдемені түсіндіруге арналған. Болашаққа қатысты аталған мәлімдеме тарихи фактілер болып табылмайтын барлық мәлімдемелерді қамтиды. Олар ниеттер, пікірлер туралы мәлімдемелерді және Компанияның солармен қатар қызметтің нәтижелеріне, қаржылық жағдайға, Компания жұмыс істеп отырған стратегиялар мен салалардың жойылымдылығына, перспективаларына, өсуіне қатысты күтулері туралы мәлімдемелерді шектеусіз қамитды. Өз тұрғысында болашаққа қатысты өтінімдер олар болуы мүмкін келешектегі оқиғалар мен жағдайаттарға қатысты болғандықтан тәуекелмен және белгісіздікпен байланысты. Болашаққа қатысты мәлімдемелер қызметтің болашақ нәтижелерінің кепілдігі болып табылмайды және Компания қызметінің іс жүзіндегі нәтижелері, қаржылық жағдайы және қызметін тоқтатуы және Компания жұмыс істейтін елдер мен салалардың дамуы осы құжатта сипатталған нұсқалардан айтарлықтай өзгеше болуы немесе осы құжатта қамтылған болашаққа қатысты мәлімдемелерге сәйкес жүзеге асуы мүмкін. Компания жаңа ақпараттар алудың, болашақ оқиғалардың немесе қандай да бір өзге де жағдайдың нәтижесінде болса да осы құжатта қамтылған салаға қатысты қандай да болмасын ақпаратты немесе болашаққа қатысты қандай да болмасын мәлімдемені жаңартуды жоспарламайды және ол жөнінде өзіне міндеттеме алмайды. Компания болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелерде айтылған нәтижелерге қол жеткізілетіндігіне қатысты ешқандай мәлімдеме жасамайды, ешқандай растау бермейді және ешқандай болжам жарияламайды.

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2145
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2549
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2355
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1658