Жексенбі, 5 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2342 0 пікір 8 Шілде, 2011 сағат 05:38

Сәкен Бозаев. Сын да сыйластық үшін айтылады

Баяғыда  король Людовик 18-шіге адалдыққа ант берген бір қызметкер кейін билікке келген Наполеонға да адалдыққа ант берген екен. Сол қызметкер  Наполеон қамалып, билікке қайта келген  Людовик 18-шіге ант бергенде король: -Сізді  түсінемін. Сіз ылғи жартылай ант бересіз, - деген екен. Сондай жартылай ант беруге бейімделгендер  қазірде де көрініп қалып жатыр...

«Ақ жолмен жүре алмайтыны бар  партиясының атын «Ақ жол»  атап  несі бар еді, ол патшағардың», - дейді,  «көзім көргенді құлағым басқаша естиді, құлағым естігенді көзім басқаша көреді» деп жүрген Кебіркөлдегі  Көкен ағамыз. «Әжептәуір ән еді, пұшық айтып қор қылды» дегендей, «Ақ жол»  деген аталы сөзге дақ түсірген қызталақтардың ендігі қадамы  қай жол болмақ?!.  Жырынды, жасанды тірлік иелерінің асығы қалай шиырса да  қашанғы алшысынан түсе бермек. Жүрген жеріне шөп шығармаса да, ойы тәуелсіз, еркі азат сорпа бетіне шығарларымыздың бірі ме деп жүрген едік, анау Әлихан інімізді. Ақылы асып, тасып жатпаса да, орташа болса да ойы  бар азаматтың осылайша бес байдан қайтқан бейбақтық күйге   түскеніне сене алмай отырмыз. Биліктің майлы табағынан дәм татып, басы қасында  болғандығынан болар, «ат айналып қазығын табады» дегендей қадам жасаған екен сабазың».  Алыс ауылдағы  ағайындардың айтып отырғаны осы.

Халқынан қара үзіп,  өріп жүрген ыбыр-сыбыр мен сыбыс пен жасандылықтың  арқан жібімен есілген ортаның сарғайған тірлігі баршаға аян. Ешкімге бағынбайтын   уақыт  деген құдірет жалған кейіпкерлерді мезгілі келгенде өзі іздеп тауып алатынын тарихтан білеміз. Майдың су бетіне қалқып шығатыны сияқты,  беті перделі адамдардың   кім болғаны кезі келгенде  айқындалатыны анық.

Қара күш пен қалталыға табынатын елде ақылдыларға  зәрулік болмайтыны әуелден бар. Әділет орнатуға ықылассыз ортада ес жинар естиярлық  сөзді бүтін бастар ұғынса да, жарты бастыларға қона бермейді.  Ондай жандар өз есігі алдындағы күл төбешігі деңгейінен аса алмайды. Жықпылды жолдармен мансапқа қолы жеткендердің  жағымсыз қылықтары жөнінде кезінде Марк Твен газетке «беті түкіруге жарамайды»  деген атпен мақала жазған екен. Кісілік деген киелі қасиет кез келген пендеге дари бермегені белгілі. Мінін айтқанды бетпақтық санағандар  арызданған соң сол газетке «беті түкіруге жарайды» деп қайта мақала жазған екен. Азаматтығына мін айтылса сынау үшін емес, сыйластық  үшін айтылатынын түсіну үшін де ақыл керек.

Құлсары қаласы

"Абай-ақпарат"

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1431
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1271
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1031
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1086