Жексенбі, 5 Мамыр 2024
Алаң 2822 10 пікір 8 Шілде, 2019 сағат 11:17

Алматы мен Нұр-Сұлтандағы заңсыз митингілерге қатысушылардан қару табылды - ІІМ

Алматы мен Нұр-Сұлтандағы заңсыз митингілерге қатысушы кейбір адамдардан түтіндету құтысы мен қару табылды.

- 6 шілдеде, мереке күні, Нұрсұлтан және Алматы қалаларында рұқсат етілмеген митингілер өткізуге әрекет жасалды. Прокуратураның бірнеше рет ескертулеріне қарамастан, жекелеген азаматтар тыйым салынған экстремистік ұйымның арандатушылық шақыруларына ұшырады. Олардың кейбіреулері басқа азаматтардың тыныштығы мен қауіпсіздігіне қауіп төндіре отырып, Құқық қорғау қызметкерлеріне қатысты құқыққа қарсы әрекеттер жасай бастады, - делінген ведомство таратқан хабарламада.

Осыған байланысты ішкі істер органдары қоғамдық тәртіпті бұзудың жолын кесу бойынша заңда көзделген шараларды қабылдағаны айтылады.

Ұйымдастырушылар мен белсенді қатысушылар полиция бөлімшелеріне жеткізілген. Жеке тұлғалардан түтін шашкалары мен травмат қаруы тәркіленген.

"Тәртіп бұзушыларды ұстау барынша дұрыс жүргізілді, арнайы құралдар қолданылған жоқ", - деп мәлімдеді ІІМ өкілдері.

Түпнұсқа: tengrinews.kz

Abai.kz

10 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1439
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1280
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1037
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1091