Сенбі, 11 Мамыр 2024
2197 0 пікір 19 Маусым, 2019 сағат 12:02

Жастар жылы жастарға үлкен мүмкіндік сыйлап отыр

Еліміздің ертеңі, ұлтымыздың болашағы - жастар. Бұл ешқашан өзгермейтін заңдылық. Еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев әрқашан да жастарға қолдау білдіріп, қамқорлық көрсетіп келеді. Егемен ел болғалы Елбасының ел жастарына сенім артпаған, қолдау білдірмеген кезі жоқ. Осы үлкен қолдауды сезіне білген барлық жас мемлекет үшін барынша қызмет атқаруда.

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтің өткен жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауында 2019 жылды елімізде Жастар жылы деп жариялаған болатын. Осыған орай биыл ел жастарына үкімет тарапынан көптеген қолдаулар көрсетіліп жатыр. Елімізде арнайы Жастар жылының жариялануы құрметті Елбасымыздың жас буынға арнаған жарқын үндеуіне айналды деуге болады.

Елбасы жастардың болашағы мен бүгінгі өміріне әрдайым көңіл бөліп отырады. Ол кісі жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауларында еліміздегі жастар саясатын жетілдіре түсуіді үнемі қадағалап айтады. Еліміздің болашақта қай деңгейде дамып, қандай мемлекет болатыны бүгінгі жастардың қолында. Сондақтан қазіргі жастардың жақсы білім алып, сапалы буын болып қалыптасуына жағдай жасалуы керек.

Жастарды қолдау дегенде ең алдымен есе түсетіні, оларды тұрақты түрде жұмыспен қамту мәселесі екені сөзсіз. Бәріміздің басты назарымызда ел жастарының жерде қалмай жұмыспен қамтылуы. Осы мәселенің оң шешім табуы үшін Елбасының бастамасымен, елімізде «Жұмыспен қамту-2020», «Дипломмен ауылға», «Бизнестің жол картасы», «Жұмыспен қамту-2020», «Әрбір отбасына «7-20-25» бағдарламасы аясында баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру», «Жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттырып, студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсарту», қатарлы өте көптеген бағдарламалар қолға алынып, еліміздің түкпір-түкпірінде жемісті түрде атқарылуда.

Әлемнің әр түкпіріндегі кез келген мемлекетте адамның алаңсыз өмір сүруі мен еркін дамуына толық мүмкіндік беретін үш алып күш бар деуге болады. Түсінікті етіп айтқанда, олар – білім, жұмыс және баспана. Осы үшеуі біріккен жағдайда елдің ертеңі тіптен нұрлы болмақ. Осыны көзде ұстаған Қазақстан билігі бір қатар нақты шаралар атқарып, ел жастарының еңсе тіктеуіне көмектесіп келеді. Бұл жерде жоғарыда атап өткен бірқанша мемлекеттік бағдарламалардың маңызын атап өтуге болады.

Жастарды жұмыспен қамту жайлы айтып отырмыз, бұл бағытта мемлекет тарапынан қолға алынып жатқан жастардың кәсіпкерлікпен айналысуын қолдау бағдарламаларын да атап өтуге болады. Бұл бағытта 2010 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасының рөлі үлкен. Бұл туралы Елбасы бесінші қазандағы Жолдауында да айтты.

"Өңірлерге жұмыс сапарым барысында мұның тиімділігіне көз жеткіздім. Бағдарламаның қолданылу мерзімін 2025 жылға дейін ұзарту керек. Осы бағдарламаны жүзеге асыру үшін жыл сайын қосымша кемінде 30 миллиард теңге бөлуді қарастырамын. Бұл 3 жыл ішінде қосымша кемінде 22 мың жаңа жұмыс орнын ашуға, 224 миллиард теңге салық түсіруге және 3 триллион теңгенің өнімін өндіруге мүмкіндік береді", - деген еді Елбасы.

Дәл осы «Бизнестің жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында индустриялық-инновациялық маңызды жобаларды жүзеге асыру үшін шағын кәсіпкерлік субъектілеріне қайтарымсыз түрде гранттар беру жұмысы жүріп жатыр. Осы бағдарламаға сай, кәсібін енді бастаған жас кәсіпкерлер мен мүмкіндігі шектеулі азаматтарға басымдық беріледі. Айта кетерлігі, жастар қайтарымсыз грантты ұтып алу үшін «Бизнестің жол картасы – 2020» немесе «Еңбек» мемлекеттік бағдарламалары шеңберінде арнайы кәсіпкерлік білім алуға міндетті.

Мемлекеттің қолдауымен, шағын және орта кәсіпкерліктің дамуы жаңа жұмыс орындарының ашылуына және жастардың жұмыспен толық қамтылуына оң әсер етеді. Елбасы арнайы Жастар жылы деп жариялаған 2019 жылы осындай мемлекеттік бағдарламалар аясында еліміздегі көптеген жастар жұмыспен қамтылып және баспаналы болады деген сенімдеміз.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1935
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2124
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1760
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1532