Бейсенбі, 2 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2920 0 пікір 4 Шілде, 2011 сағат 08:31

Нұра Матай. Бас арналардың басшылары ауысты

Жаңалыққа жан сала ұмтылғанымен  бағдарламалары көзіқарақты көрерменнің тарапынан сынға ілініп,  әрі  қызметкерлері тарапынан наразылыққа ұшыраған «Қазақстан» ұлттық арнасының басшысы Жанай Омаров қызметінен босады. Бұ кісінің орнына кім жайғасты дейсіз ғой, бұған дейін «31» арнаны басқарған - Нұржан Жалауқызы. Ресейдің СТС арнасы акциясының көп бөлігін сатып алған арнаны Нұржан Жалауқызы қазақ көрерменіне ақыры бағыттай алмай кетті. Кезінде арнадағы қазақша бағдарламалардың санын азайтып, қазақ көрермендерінің қаһарына іліккен Нұржан Жалауқызы ұлттық арнаны  қандай ұшпаққа шығара қояр екен? Бұл сауалға алдағы күндерден жауап алатын боламыз.

Амал кем. Біздің елде ұлттық кадрларға деген сұраныс жоқ. Үкіметке басқаратын емес, бас шұлғитын, айтқанды екі етпейтін, көрерменнің көкжиегін кеңейтуге емес, нұр шеңберден шығармай ұстайтын басшылар қажет. Әлбетте, билік іздегенін қашан да табады.

Арналардағы ауыс-түйіс мұнымен бітпейді. Қазақстанды, қала берді алыс-жақын шетелдегі қазақтың әр үйін нұрландырып тұрған «Хабар» арнасының жаңа басшысы - Айдос Үкібаев деген кісі. Көрерменге «Хабардың» жаңалықтары арқылы таныс бейне. Бірнеше жылдан бері кездеспей кеткен бір бейне сөйтіп, «Хабармен» бастық болып қауышты.

Енді су жаңа бастықтардың жаңа маусымда көрерменіне ұсынатын бағдарламаларын күтеміз. Әй, бірақ, «балта сабынан озбайды-ау» осы...

Қалай десек те, қазақ көрерменіне қайырын берсін!

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар