Дүйсенбі, 13 Мамыр 2024
3587 2 пікір 18 Маусым, 2019 сағат 15:29

Алматылық дзюдошылар жарқын жеңістермен оралды

Түркия елінің Анталия жерінде кадеттер арасындағы Еуропа кубогы өз мәресіне жетті. Жарысқа қатысушылардың ең кішісі 15-17 жас аралықты құрайды.

Антальяда өткен кадеттер арасындағы Еуропа кубогын еліміздің атынан қатысқан 90 кг салмақ дәрежесінде Журкамырза Шүкүрбеков жеңіп алды. Сондай-ақ Алматы қаласынан Сабит Қайратбек 90 келіге дейінгі салмақта дәрежесінде қола жүлдені иеленді. Турнирге 700-ден астам спортшы қатысқан. Бұл команда үшін дзюдодан әлем чемпионатына дайындықтың маңызды сатыларының бірі. Әлем чемпионаты Алматы қаласында 25-29 қыркүйек аралығында өтетін болады.

Осы жолғы турнирде қазақстандық спортшылар өздерін жан-жақсы көрсете білді. Мәселен, Болат Нұрасыл Анталияда 9-шы орынды иеленді. Ал Сәбит Қайратбек өзін жоғары дәреже көрсете білді. Ол өз жасындағылардың арасында ең мықты спортшы медальін жеңіп алды.

Алдағы уақытта Азияда өтетін кадет чемпионатына кім барады, оны жаттықтырушылар штабы шешеді.

Басқа өңірлердегі дзюдошылар қола медальдарға ие болды. Олар: Алим Жұмагалиева (-40 кг), Амандық Ермахан (50 кг), Нұрқанат Серікбаев (-50 кг), Адиль Марлен (-60 кг) және Атабек Тұрлыбаев (-73 кг) салмақ аралығында.

Әр турнирде спортшылар Алматы кадеттерінің әлем чемпионатына қатысу үшін талап етілетін рейтингілік ұпайларды жинауы тиіс.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1958
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2264
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1857
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1550