Жексенбі, 5 Мамыр 2024
Жаңалықтар 4382 11 пікір 13 Маусым, 2019 сағат 12:01

Мәсімов "Мәсімовтың орнына" тағайындалды

Сенаторлар Кәрім Мәсімовты Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшысы етіп тағайындауды мақұлдады, - деп хабарлайды Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің баспасөз қызметі.

«Сенат отырысы Дариға Назарбаеваның төрағалығымен өтті. Онда депутаттар Кәрім Мәсімовті Президенттің Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы етіп тағайындау туралы келісті», - делінген хабарламада.

Айта кетейік, ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының тағайындалуына келісім беру Сенаттың айрықша құзыретіне жатады.

Ал, Парламент Сенаты сыртқы байланыстар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мұхтар Құл-Мұхаммед «Кәрім Мәсімов жұмысының барлық бағыттарында өз жұмысына және Отан алдындағы міндеттеріне адалдығын принципті, жоғары білікті мемлекеттік қайраткер» екенін атап өтті.

Жоғары палатаның 47 депутаты аталған ұсынысқа бірауыздан дауыс берді.

Abai.kz

11 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1407
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1241
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 997
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1067