Бейсенбі, 2 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2947 0 пікір 27 Маусым, 2011 сағат 07:03

Қарашада қара жер де жоқ (видео)

Есіктің алды. Кішкентай күнқағардың астындағы үюлі құмқайрақтың бір шетінен менің ұлым құмнан үй соғып жатыр. Арагідік өзі ісіне ырза кейіпте «Әке, әйәш» деп құм үйін көрсетіп қояды. Қызды-қыздымен құм үйінің бір шетінен машинасына гараж салып тастады.

Үй соғып біткен соң «Әке, біздің үй әйәш» деп айналасын маңайдан жиған қоқыр-соқырмен қоршады. Біздің баспаналы болғанымызға шаттанған ұлымды ертіп, үйге қайттым.

Ертесінде маған қарап, жымың-жымың етіп, құмнан соққан үйіне келген ұлым баспанасын үлкен табан ойрандап кеткенін көріп, бұжыр табанның ізін түйгіштеп, жата қалып жылады. Не дерімді білмедім. Өйткені, мен де әлеуметтік көгенге көгенделген қазақ қоғамының жетім лағы едім.

Сол күні ұлым ойнамады. Екеуміз бір-бірімізге жаутаңдай қарап, жалға алған пәтерімізге жылжыдық. Екеуімізде - бір арман. Жо-жо-жоқ, уақытша тұрмыстық мақсат қана. Сонда да...

Бұжыр табан, қалың бет, қыртыс мойын, кең қарын, сайқал күлкі, көпірген сөз... Мен сені жек көремін, Уақыт!

Осы сурет қала жағалаған әр қазаққа тым-тым таныс күй. Азаматтың өр кеудесін кеміріп жатқанда  - тұрлаусыз жалғанда туған елдің ту көтерген шаһарынан шаңы шығып жатса да тулақтай жер бұйырмай ма деген уайым. Баласы әкесіне үмітпен жаутаңдайды. Әкесі ауыр күрсінеді. Шешесі  теріс қарап көзін сығады. Қазаққа телім жер бұйырмай тұр ма, бұйыртпай отыр ма?..

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар