Жұма, 17 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2462 0 пікір 26 Маусым, 2011 сағат 08:21

Алматыда дәстүрлі велошеру өтеді

АЛМАТЫ. 25 маусым. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Ертең 26 маусым күні Алматыда тәуелсіздіктің 20 жылдығы мен Халықаралық есірткіге қарсы күрес күніне арналған велошеру өтеді,деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметі.

Велошеруге велоспортты сүйетіндердің барлығы шақырылады. Таңғы 8.30-да Әл-Фараби-Тәттімбет көшелерінің қиылысында  басталатын шеру Дендросаябақ алдындағы алаңда аяқталады.

Басты мақсаты велосипедті пайдалануды насихаттап жүрген шеру еліміздегі ең ірі қалада  дәстүрге айналды. Әдетте велошеру мерекелер мен елдегі маңызды оқиғалар қарсаңында өткізіледі. Бұған дейін Астанадағы ЕҚЫҰ саммиті, 7-ші Қысқа Азия ойындары, Алматы қаласының күні, Спорт күні, Халықаралық қоршаған ортаны қорғау күні, Ұлы Отан соғысының 65 жылдығы құрметіне өткізілген болатын.

Алматыда велосипед инфрақұрылымын дамыту қаланың 2009-2018 жылдарға арналған қоршаған ортадағы ластануды азайту бағдарламасына қосылған болатын. Бұның аясында өткен жылы Абай даңғылы бойында алғашқы велосипед жолы салынды.

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2096
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2514
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2186
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1619