Жұма, 17 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2306 0 пікір 26 Маусым, 2011 сағат 08:20

Кадет корпусының кезекті түлектері оқуларын аяқтады

АСТАНА. 25 маусым. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Шоқан Уәлиханов атындағы Кадет корпусын кәсіби сержанттардың 13-ші түлектері бітіріп шықты,деп хабарлады ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Салтанатты шарада түлектер сап әндерін шырқап, Кадет корпусының жауынгерлік туымен қоштасу рәсімі өткізілді.

Кәсіби сержанттарға әскери оқу орнын бітіргені туралы кеуде белгілері мен дипломдар табыс етілді.

Кадет корпусы елімізге танымал оқу орындарының бірі. Бұл жерде бозбалалар екі жыл оқып, білім алады. Бұл оларға сапалы арнайы әскери білім алуға барынша мүмкіндік береді.

Кәсіби сержанттар қазіргі таңда әскери бөлімдер мен бөлімшелерде лайықты орын алып отыр. Олардың келуі бөлімдердің тыныс-тірлігіне оң ықпал етті. Әлемнің жетекші елдерінің тәжірибесіне сәйкес сержанттар уақыттарының денін жеке құраммен өткізеді.

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Шоқан Уәлиханов атындағы Кадет корпусының негізгі тапсырмасы ҚР ҚК-дегі сержанттық құрам лауазымдарында келісімшарт бойынша әскери қызметін өтеу үшін кіші командирлерді дайындау болып табылады.

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2096
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2514
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2186
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1619