Жұма, 17 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2308 0 пікір 26 Маусым, 2011 сағат 08:16

БАҚ барлық үдерістердің тиімділігін арттырады

АСТАНА. 25 маусым. ҚазАқпарат - Қазақстан журналистерінің кәсіби мерекесі қарсаңында Бас редакторлар клубында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов алдыңғы қатарлы отандық БАҚ басшыларымен кездесу өткізді,деп хабарлайды ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.

Кездесу Білім және ғылым министрінің бастамасымен ұйымдастырылды.

Министр білім беру және ғылым саласында жүзеге асырылып жатқан іс-шаралар туралы толық мәлімет беріп өтті. Биыл 2010-2020 жылдарға арналған мемлекеттік білім беруді дамыту бағдарламасы басталды. Бекітілген іс-шаралар жоспарына сай бағдарламаны жүзеге асыру үдерісі белсенді жүріп жатыр.

«Бүгінгі таңда Қазақстанда Мемлекет басшысының басшылығымен білім беру және ғылым саласын аумақты түрде қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Және де бұл істе БАҚ ерекше рөл атқарады. БАҚ-тың қолдауы арқылы ғана бұл қайта құрастыру жұмыстары кең таралып, нәтижесін береді», -  деп атап өтті Білім және ғылым министрі.

Ашық өрбіген әңгіме журналистер қауымының көңілінен шықты. Олар министрге мектеп, кәсіби техникалық білім беру, жоғары білім беру, ғылым салаларындағы түйіткілді мәселелер бойынша өз сауалдарын қойды.

«Мемлекеттік орган басшыларының қатысуымен өтетін осындай кездесулер біз үшін тиімді. Осындай кездесулер Клубымызда дәстүрге айналады деп ойлаймын», - деді Бас редакторлар кулыбының президенті Болат Ережепов.

Кездесу мерекемен аяқталды. Бақытжан Жұмағұлов еліміздің алдыңғы қатарлы журналистерін кәсіби мерекелерімен құттықтай келе, ҚР Білім және ғылым министрлігінің алғыс хаттарын табыс етті.

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2101
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2514
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2197
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1622