Дүйсенбі, 29 Сәуір 2024
3465 8 пікір 29 Мамыр, 2019 сағат 11:09

Еуропалық кеңестің төрағасы Орталық Азияға сапарлайды

Еуропалық кеңестің төрағасы Дональд Туск 29 мамырда Тәжікстанға барады деп хабарлайды осы ұйымның баспасөз қызметі.

Ол ел президенті Эмомали Рахмонмен кездескеннен кейін, 30 мамырда Нұр-Сұлтанға аттанбақ.

31 мамырда Туск Қазақстанның уақытша президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен және тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевпен кездеспек.

Осыдан кейін Туск Өзбекстанға аттанады.

Тараптар Еуропалық кеңестің Орталық Азияға қатысты жаңа стратегиясымен танысып, аймақтық ынтымақтастық, климаттың өзгеруі, қауіпсіздік мәселелерін талқылайды.

Дональд Тусктің Орталық Азияға сапары 2 маусымда аяқталады.

Abai.kz

8 пікір