Дүйсенбі, 29 Сәуір 2024
46 - сөз 4698 4 пікір 29 Мамыр, 2019 сағат 11:08

Саяси процесті тоқтатып отырған биліктің өзі

Негізі өркениетті елдерде дебатқа дейін әлеуметтік сауалнама жүргізіліп, қай кандидатты xалықтың қанша бөлігі қолдап жатқанын бір анықтап алады. Дебат өткеннен кейін кандидаттардың қайсысы xалықты өз тарапына тарта білгенін, дебаттың сайлаудағы маңызын ашып көрсететін саяси зерттеулер жасалады.

Өкінішке орай бізде бұл қадамдар мүлде іске асып жатқан жоқ. Негізі осы қарапайым процесті жасау үшін әлі 20 жыл уақыттың керегі жоқ. Халық пен қоғам дайын бұл қадамға. Саяси процесті тоқтатып отырған биліктің өзі. Тормоз ғой кәдімгі. Не үшін тоқтатып отыр?.. Себебі, өздерінің ұтылатынын анық біледі. Тіпті әлі күнге басты кандидат Тоқаевтың дебатқа қатысып не қатыспайтыны да белгісіз. Бұл бассыздық негізі. Бұны басқа тілмен түсіндіріп беру мүмкін емес. Осыдан-ақ XXI ғасырда біздегі авторитарлы биліктің қаншалықты кертартпа екенін көре беріңіз. Қарапайым заттардың өзін саяси қитұрқы ойындарға айналдырып жіберген. Бірақ, бұрын мұндай тактикаларға xалық алданса да жыл өткен сайын авторитарлы билік заманның ағымына ілесе алмай, көзге шыққан сүйел секілді xалықтың зығырданын қайнатып келеді. Қанша политтеxнологтарды қатарына тартса да билік бір жақ, қоғам бір жақ болып, арадағы сызат жыл өткен сайын ұлғайып жатыр. Билік барынша кезіндегі коммунистерден үйренген алдау мен арбаудан тұратын саяси тактикаларын жасайды, бірақ, бұрынғыдай емес қоғамның да көзі ашық бәрін түсініп отыр. Қорыққанынан, амалдың жоғынан шыдап отыр. Бұл да өз шегіне жетіп жарылады бір күні!

Бұл процесті тоқтататын бір ғана нәрсе перезагрузка керек. Перезагрузка болуы үшін 30 жыл коррупцияға батқан билікке қатысы жоқ, ары мен иммиджі таза жаңа буын жастар билікке келуі қажет. Қалғанының бәрі бос әңгіме, уақыт жоғалту, бір бірін алдауға ұласып, елдің дамуын тежеуші фактордан әріге аспайды.

Бауыржан Серікбаевтың facebook парақшасынан

Abai.kz

4 пікір