Жұма, 17 Мамыр 2024
46 - сөз 8612 23 пікір 27 Мамыр, 2019 сағат 12:01

Құнанбай қажылықта қазақтар тоқтайтын қонақ үй салған

Мен Мұхтар Әуезовтің "Абай жолы" романын алғаш рет мектепте оқыған едім. Сол кезде біздің қазақ тілі және әдебиет мұғаліміміз, қазақ халқының ұлы ағартушысы, Абайдың әкесі - Құнанбай туралы өз пікірін білдірген-ді. Оның пайымдауынша, Құнанбай кітапта сипатталғандай қатыгез, әділдігі күмән тудырарлықтай адам емес. Құнанбай Аға Cұлтан болған (қазіргі облыс әкімінен сәл жоғары).

Кітап Кеңес үкіметінің орнаққан заманында шыққандықтан, шығарылым үшін Мәскеуден мақұлдау алу керек болды. Сондықтан, М. Әуезов қазақ билеушісін дәл осылай сипаттауға мәжбүр болғаны да шындыққа сай келеді.

Жақында Меккеге барып, кітаптағы Құнанбай туралы бір сәті еске түсті.
Мекке-жыл сайын 50 миллионнан астам адам қажылық жасайтын барлық мұсылмандардың қасиетті қаласы. Қажылық Құрбан айтқа дейін 4-5 күн қалғанда жасалады. Құнанбайдың қажылықты қалай өткергені туралы Гидтан сұрастыра бастадым.

Оның тарихы мені таң қалдырды: Құнанбай керуенмен аттанып, кейбір жағдайларға байланысты қажылыққа кеш келген. Содан кейін ол келесі жылға дейін күту туралы шешім қабылдайды.

Сол уақыт аралығында жергілікті билеушілермен қажылық жасау үшін келген қазақтар тоқтай алатын қонақ үй салу туралы келісім жасайды.

Үйдің қазіргі күнге дейін сақталмағанына қарамастан (егер Абай 1845 жылы дүниеге келсе, онда бұл 1865 жылдары болған), бұл жағдай әлі де көпшіліктің есінде. Тіпті ол үйдің орналасқан орнын да анықтаған адамдар бар.

Осы жағдайды білген өзім келесі тұжырымға келдім: Меккеге жол жүретін қазақ халқын ойлаған, әрі діндарлығының арқасында Меккеде бір жылға қалған адам кітапта суреттелгендей озбыр болуы мүмкін емес.

Ол - Ұлы Абайды тәрбиелеп өсірген адам.

Мусин Бағдаттың facebook парақшасынан 

Abai.kz

23 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2102
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2516
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2199
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1623