Жұма, 17 Мамыр 2024
46 - сөз 4850 5 пікір 24 Мамыр, 2019 сағат 12:48

Жемқор да аң-таң шығар...

Құрықталып жатқан коррупицонерлерді, парақорларды кейде аяймын.

Ол бала кезінде, үш бауыр бір етікпен сабаққа барып жүргенде, "өмір неге әділетсіз?" деп сұранған болар. Оған бәрі, бәріміз: "әділетті бәрі де, басты қатырма!" деді, дедік.

Сосын бозбала/бойжеткен кезінде біреудің қолындағы шоколадқа, үстіндегі киіміне көзін сататын шағында, тағы да - "өмір неге әділетсіз?" деп ойланған болар. Оған қоғам кезекті рет - жұлмақай болмасаң нан жоқ қой деді. "Жыламаған балаға емшек жоқ қой" деді, "Тазы болып шалмасаң болмайды" деді, "Қолдан келгенде қонышынан бас!" деді.

Есейген шағында күңірене беруге ұялған болар енді. Сәті түскенде іске кірісті. Сол кезде кешегі қоғам оны қолынан шап беріп ұстап алып, темір торға тоғытты.

Әдейі хайуан тәрбиелеп, сосын оны қамап ермек қылатын қоғамның өзінің кейпі де хайуан. Қазір қоғам өзі жемдеген жемқорларын "халық" деген асқақ түсініктің артына топтаса қалып, дөң айбат көрсетеді. Жемқор да аң-таң шығар. "Сендердің ойын ережелеріңнен қия баспап едім, енді не көрінді?" деп.

"Мен он үш жасқа толғанша, өмір маған ештеңе бермеді. Сонда әкем: "Абдулла, саған өмір ештеңе бермеді. Мә, мылтық: енді өмірден өзің алмасаң болмайды" деді..." /с/ "Белое солнце пустыни"

Ерлан Оспанның facebook парақшасынан

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2112
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2525
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2219
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1628