Сейсенбі, 7 Мамыр 2024
2260 0 пікір 5 Наурыз, 2019 сағат 17:12

Бас партия «7-20-25» бағдарламасының жүзеге асуын қадағалайды

Қазақстан халқының қуанышы мен бақытына орай, осыдан тура бір жыл бұрын Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев әйгілі «Бес әлеуметтік бастамасын» жариялады. Аталған үндеу жариялана сала бүкіл ел халқының қызу қарсы алуына бөленді. Бастама арқасында ел өмірінде көптеген оң өзгерістер орын алды. Бұны біз айтпасақ та әр бір қазақстандық азамат жақсы біледі.

Сол Бес әлеуметтік бастаманың біріншісі «Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру» болатын. Осы бастама жарияланған бір жылдан бері тіпті де көп адамның баспаналы болға мүмкіндігі артты. Елбасының үндеуіне үн қосқан бірқатар бағдарламалар қолға алынды. Бір ғана баспана мәселесіне орай қолға алынып жатқан «7-20-25» бағдарламасының өзі неге тұрады. Осы бағдарлама аясында мыңдаған отбасы баспаналы болудың бақытына бөленді.

Қазақстан Республикасы Президентінің аталған Бес әлеуметтік бастамасы жарияланған күннен бастап есептегенде тура бір жылдан кейін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіндегі «Нұр Отан» партиясы Фракциясы жанындағы Әлеуметтік кеңесі Елбасы бастамасын сапалы жүзеге асу барысын саралауды мақсат еткен отырысы өтті. Жиналыстың басты мақсаты азаматтардың тіпті де тиімді жолмен баспаналы болуы үшін ұсыныстар әзірлеп, Елбасының тапсырмасын жүйелі түрде жүзеге асыруды қадағалау болатын.

Жиналысқа қатысушылардың жасаған баяндамасына сүйенсек, өткен жылы берілген ипотекалық тұрғын үй қарыз сомасының жалпы көлемі 525 млрд.теңгеге жетіп, бір жылда 47%-ға өскен. Ал «7-20-25» бағдарламасының іске асуы ипотекалық несиелендіруді белсендіре түскен көрінеді. Аталған бағдарлама аясында алты мыңға жуық төлем мақұлданған. Осы бағдарлама аясында қажетіне қарай кейбір әлеуметтік топтарға анықырақ айтқанда, полиция қызметкерлері немесе мұғалім, дәрігерлерге тиісті тұрмыстық сертификаттар беру көзделген екен.

Сонымен қатар, 2019 жылы ақпанның 27-ші жұлдызы Астана қаласында өткен «Нұр Отан» партиясының кезекті XVIII съезінде Елбасы берген тапсырмаларға сай елдегі аз қамтылған отбасыл мен көпбалалы аналарды қолдауға да басты наза аудар керектігі айтылды. Сонымен қатар, отырысқа қатысушылар аталған тұрғын үй қатынастары туралы заң жобасына кейбір өзгерістерді енгізу жайлы мселелерді де талқылады.

Бас партияның съезінде Елбасы, партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған бірқатар нақты тапсырмалар, әсіресе ел халқының көңілінен шыққан көпбалалы аналарға жағдай жасау мақсатында қолға алынған шаралардың маңыздылығы сөз болды. Сол қатарда Парламент Мәжілісінің депутаттары «7-20-25» бағдарламасының қалыпты жүзеге асуына тосқауыл болатын кемшіліктерді де назарда ұстауды ұсынды. Соның қатарында тұрғын үй нарығындағы бастапқы баспананың жетіспеушілігі, бастапқы төлемнің жоғарылы және халықта тұтынушылық несиенің көптеп болуы сынды мәселелерді есепке алды.

Сонымен қатар, жиналыс барысында жергілікті әкімдіктердің қаржы мүмкіндіктерін жоғары көтеру және бастапқы тұрғын үй құрылысын жеделдету мақсатында Ұлттық банк «Баспана» ипотекалық мекемесіне» жергілікті атқарушы органдардан нарықтық шарт бойынша 150 млрд.теңге көлеміне дейін облигацияларды сатып алуға рұқсат бергені айтылды. Осы мүмкіндіктің арқасында, баспаналы болғысы келіп, алғашқы жарнаны төлеген азаматтардың салынып жатқан баспананы ұзақ күтпеуіне болады.

Халықтың баспаналы болуы үшін соңғы кездері мемлекет тарапынан жақсы жұмыс атқарылуда. Соның бәріне Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі ұйтқы болып отырғанын білеміз. Әрі елдегі бас партия «Нұр Отан» партиясының да үлесі зор. Қысқасы, «Нұр Отан» партиясының бастамасымен іске асып жатқан ізгі шараларды көптеп санауға болады. Соның бәріне ортақ ерекшелік Елбасының бастамасына шынайы үн қосып болып табылады.

Біз сөз етіп отырған жиналыс қорытындысы бойынша «7-20-25» бағдарламасын сапалы түрде іске асыру тетіктерін жетілдіру туралы арнайы ұсыныстар дайындалды. Әрі осы ұсыныстар Қазақстан Республикасы Үкіметіне жолданды. Алдағы уақытта халықтың тұрмыс сапасын жоғарлатуға бағытталған осындай ірі бағдарламалар жалғасты жүзеге асады деп сенеміз. Біз өз тарапымыздан ақпараттық қолдау білдіруге қашан да дайын боламыз.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1596
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1497
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1247
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1217