Жексенбі, 5 Мамыр 2024
2734 0 пікір 26 Наурыз, 2019 сағат 15:52

Атырауда медицина қызметкерлерінің жалақысы өседі

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан Халқына арнаған Президенттің бес әлеуметтік бастамасы атты Үндеуі ел әлеуетінің негізгі бағытына айналды. Халықтың әлеуметтік мәселесін шешуге бағытталған аталмыш жоба қоғам тарапынан үлкен қолдауға ие болды. Үндеудің екінші бағыты – “жалақысы төмен жұмысшылардың еңбекақысын көбейту үшін олардың салық жүктемесін азайту” деп аталғаны белгілі.

Бұл Үндеу жарияланған соң, өңірлерде де түрлі бастамалар қолға алынып, халықтың әлеуметтік мәселесі бұрынғыдан да көбірек маңызға ие болды. Осыны негізге ала отырып, биыл Атырау облысында 255 мың жалақысы төмен бюджет саласы қызметкерлерінің айлығы көтерілетін болады.

Мәселен, өңірдегі орта медицина қызметкері осы уақытқа дейін 76 395 теңге айлық алса, алдағы уақытта бұл қаржы 99 313 теңгеге өседі. Ал, кіші медицина қызметкерінің жалақысы бүгінге дейін 48 861 теңгені құраса, енді ол ақша 64 520 теңгеге ұлғаймақ. Бұл үшін республикалық бюджеттен қосымша қаржы қарастырылуы қажет.

Сондай-ақ, тегін медициналық көмектің кепілді көлеміне басымдықтар берілмек. Оларға: Ана мен бала денсаулығын сақтау, жедел көмек көрсету және қарқынды терапия, медициналық-санитариялық алғашқы көмек, әлеуметтік маңызы бар аурулар, (яғни, онкология, туберкулез, психикалық денсаулық) жатады.

Сонымен қатар, жалпы практикада жүрген дәрігерлер мен терапевт, педиатрлардың жалақысы 116 782 теңгеден 151 816  теңгеге өспек. Ал, акушер-гинекологтар мен педиатр, неонтологтардың айлығы 106 164 теңгеден 138 013 теңгеге ұлғаймақ.

Сондай-ақ, жедел көмек көрсету қызметкерлері мен анестезиолог- реанимотологтардың айлығы 108 885 теңгеден 141 512 теңгеге көбейеді. Онкологтар мен фтизиатрларға, гематологтар, психологтардың айлығы 100 945 теңгеден 131 229 теңгеге өседі.

Басқа да медицина қызметкерлеріне 86 929 теңгеден 113 008 теңгеге дейін арттыру жоспарланып отырған көрінеді.

Айта кетейік, аталған төлемдердің барлығы алдағы 1-шілдеден бастап іске асырылатын болады.

Осылайша, Елбасының бес әлеуметтіке жобасының негізінде мұнайлы өлкенің ақ халатты абзал жандарының еңбегі бағаланып, оларды әлеуметтік жағынан қолдау артпақ. Бұл өз кезегінеде өңір тұрындарының сапалы медициналық көмек алуына да оң әсер береді деп сенеміз. Сонымен атар, осындай бюджет саласындағы әр қызметкерді қолдау жұмыстары алдағы уақытта да қарқын ала беруі тиіс. Елбасы тапсырмасының негізі де осы екенін өңір басшылығы естен шығармас дейміз.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1421
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1256
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1014
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1076