Жұма, 17 Мамыр 2024
2020 0 пікір 15 Наурыз, 2019 сағат 10:31

Кәсіподақтар федерациясы Елбасының бастамаларын қолдайды

Бәріміз білетіндей 2019 жылы 27 ақпан Астана қаласында «Нұр Отан» партиясының кезекті XVIII съезі өтті. Аталған съезде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды әлеуметтік-экономикалық қамтамасыз ету мәселелерінде маңызды рөлге ие бірқатар міндеттерді атап өтті. Мемлекет басшысының ел халқының еңсесін көтеріп, тұрмыстық өресін көтеру мақсатында алға қойған ұсыныстары көп көңілінен шыққаны біз айтпасақта белгілі.

Бұған қоса Н. Ә. Назарбаевтың «Бес әлеуметтік бастамасында» да жұмыскерлердің әлеуметтік-экономикалық өресін жоғарлату басты назарда ұстау айтылған. Кәсіподақтар федерациясы Елбасының бастамаларын қолдау және жүзеге асыруға күш салып келеді. Сол мақсатта аталған ұйым жұмыскерлердің әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін қорғау; әлеуметтік шиеленістердің алдын алуға бағытталған түрлі шаралар жүргізуге дайын.

Ел халқының маңызды бөлегі болған жұмысшылар қауым үшін еңбекақының маңызы зор. Қоғамда қалыпты өмір сүріп және отбасын асырау үшін сонымен қатар мәдени және рухани кепілдіктерге ие болу үшін кез-келген адам әлеуметтік кепілдемелерге ие болы керек. Сол үшін жұмысшылар қауымын кәсіподақ федерациясы әркез өз назарында ұстап келеді.

Сол қатарда бюджет саласы қызметкерлерінің де еңбекақысы немесе әлеуметтік кепілдендіру көрсеткіші көңіл көншітерлік емес. Шынын айтқанда республика бойынша орташа айлық еңбекақы деңгейінен әлдеқайда төмен. Осыған орай елімізде соңғы жылдары бюжет саласын дамытуға арналған бірқатар бағдарламалар қабылдануда.

Біз жоғарыда Кәсіподақтар федерациясы елдегі жұмысшылар қауымының және өзге де қызметкерлердің мәселесін басты назарда ұстап келе жатқанын айттық. Сол сөзіміздің дәлелі ретінде аталған федерацияның ел Үкімтіне бюджет саласы қызметкерлерінің ай сайын алатын еңбекақысын есептеу көрсеткішін қайта қарау керек екенін айтып, арнайы ұсыныс жасағанын айта кетуіміз керек.

Ерекше айта кетерлігі, ел Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысы бойынша еліміздегі кез-келген сала қызметкерлерінің еңбекақы есептеу тәртібі мен ережесі бекітіліп келеді. Анықырақ айтқанда, мәдениет және спорт саласы болсын, қазыналық кәсіпорындарда қызметкерлері болсын, ұйымдастырушылық-құқықтық формада құрылған мемлекеттік мекемелер болсын тіпті білім саласындағы қызметкерлердің де айлықтары осы қаулыға сай реттеледі.

Шынын айтқанда, аталған қаулыға сай барлық қызметкердің еңбекақы көрсеткішін есептеу бәрін бір шыбықпен айдағандай әсер қалдыратыны шын. Осыны ескерген Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы мен өзге де бюджет саласының салалық кәсіподақтары он жылдан бері базалық  қызметақыны төменгі күнкөріс деңгейіне немесе ең төменгі жалақы деңгейіне сай өзгерту қажеттілігі туралы айтып жүр. Бұл өтініштер нәтижесіз де болған жоқ. Бірнеше мәрте жасалған ұсыныс негізінде базалық лауазымды еңбекақы белгілі мөлшерде өсті.

Базалық лауазымды еңбекақы белгілі мөлшерде өсті деп отырмыз. Алайда оның деңгейі көтерлігеннен бері де сегіз жылға жуық уақыт өтіп кетті. Содан бері әлі өскен жоқ. Демек, осыдан сегіз жыл бұрынғы деңгеймен салыстырғанда белгілі мөлшерде артта қалу бар. Тіпті ең төменгі күнкөріс деңгейінің тең жарымындай ғана болып отыр. Басқаша айтқанда, Қазақстан халқының орташа жалақы көрсеткішінен көп төмен болып отыр. Елбасының әркез қызметкерлердің еңбекақсын жоғарлату жайлы айтып жүретіні тегін емес.

Бәріміз білетіндей, соңғы жылдары халықаралық қаржылық дағдарыс және өзге де себептерден түрлі тауарлар мен ақылы қызметтердің құны толассыз өсіп барады. Осындай жағдайда бюджеттік сала қызметкерлерінің осыдан жеті жыл бұрынғы нормамен еңбекақы алып отыруы сәл қисынсыз жағдай. Сол үшін олардың экономикалық деңгейін аттыру және жалпы тұрақтылықты сақтауды қамтамасыз ету мақсатында Кәсіподақтар федерациясы Ел үкіметіне жоғардағы ұсынысты айтып отыр.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2103
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2517
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2206
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1624