Сейсенбі, 21 Мамыр 2024
Әлеумет 6371 4 пікір 13 Мамыр, 2019 сағат 16:30

«Әлеуметтік желі демократияға қауіп төндіреді»

Facebook құрылтайшыларының бірі Крис Хьюз әлеуметтік желіні монополист деп атап, демократияға қауіп төндірмес үшін оны бөлу қажет деді.

Хьюздің пікірінше, компания басшысы Марк Цукербергтің ықпалы үкіметтің немесе бизнес өкілдерінен зор. "Facebook алгоритмін қалай өзгерту керектігін жалғыз Марк шешеді. Марк билігі шексіз және Америкаға жат", – деп жазды Хьюз.

Хьюз Facebook'ке тәуелді Instagram және WhatsApp желілерін жеке компанияларға бөлуді ұсынды. Оның пікірінше, Федералдық сауда комиссиясы бұл желілердің қосылуына жол бермеуі тиіс еді.

Бұған қоса ол Конгресті интернет тұтынушылардың мәліметтерінің жасырын болуына жауапты жаңа федералдық агенттік ашуды ұсынды.

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2195
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2583
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2512
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1682