Дүйсенбі, 13 Мамыр 2024
46 - сөз 6257 11 пікір 6 Мамыр, 2019 сағат 17:35

Бір ауданның жылдық бюджетін 2 күнде шашу - бассыздық!

Астана экономикалық форумына 1 млрд 400 миллион теңге жұмсалады екен. Өткен жылы 3 млрд 100 миллион теңге қаржы кеткен.

Мына Ақмола облысында дотационный аудандардың жылдық бюджеті 2 млрд теңгенің айналасында. Тұтас бір ауданның жылдық бюджеті!

Ал, біз Астанада қызметінен кеткен премьер-министр, шал-шауқандарды жинап 1 млрд 400 миллионды 2 күнде желге шаша саламыз. Бір ауданның жылдық бюджетіне жетеқабыл қаражатты осылай 2 күнде шашу дегенің бассыздық қой!

Ақмола облысы Егіндікөл ауданының орталығына асфальт жол салынбаған. Көктем күндері аудан xалқы топырақ жолмен батпаққа батып жүреді. Қорғалжын ауданының Үшсарт, Амангелді ауылдарына Кеңес заманынан бері тас жол да түспеген. Қыста, көктемде қатынау өте қиын. Жазда шаңды бұрқыратып поляның үстімен қатынайсың. Бұл аудандар Астанадан 100-120 км қашықтықта орналасқан. Ал, біз Астанадағы 2 күндік мерекеге миллиардтап ақша шашамыз.

Шыны керек әлемдік экономикадағы үлесі 1 процентке де жетпейтін Қазақстанның Астанасында өткен форумда не айтылатынына өркениетті елдердің қол қойғаны бар. Бұның бәрі желге шашылған миллиардтар. Әлемдік мәселені шешпей ақ Астананың айналасындағы ауылдарға жол салайықшы сол қаржыға. Маған биліктің кейбір әрекеттері қолындағы барын эффективті пайдаланбай оңды-солды шашатын байдың балалары секілді көрінеді. Билікте отырған 30 жылда саяси элита xалықтан тым алыстап кеткен. Не күлеріңді, не жыларыңды білмейтін жағдайлар өте көп. Алда қаражатты желге шашатын Астана күні мейрамы келе жатыр. Оған қанша шығын кетеді екен?..

Жалпы, саяси жүйе бәсекелі ортаға түспей біз дамымаймыз. Билікке "Ертең бей-берекет ақшаны шашып, ойыма келгенді жасасам келесі сайлауда оппозициялық партияға ұтыламын ау" деген қорқыныштың иісі мұрнына бармай, әрбір қателігін дөп басып, xалықтың мұқтажын жеткізер саяси институттар жұмыс жасамай осы шашылғанымыз шашылған.

Бауыржан Серікбайдың facebook парақшасынан

Abai.kz

11 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1961
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2276
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1869
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1552