Дүйсенбі, 13 Мамыр 2024
5128 0 пікір 3 Мамыр, 2019 сағат 17:58

Қырғызстанда бензин қымбаттайды

Әлемде мұнай бағасының өсуіне байланысты Қырғызстанда мамыр айында жанар-жағар май 10-15 процентке қымбаттайды деп мәлімдеді мұнайсатушылар қауымдастығының президенті Қанат Эшатов.

Оның сөзінше, жыл басынан бері әлемде мұнай баррелі 16 долларға қымбаттаған. Ал Ресейде жанар-жағар май бағасы 150 долларға өскен.

«Мысалы, егер осыған дейін АИ-92 тоннасын 460 доллардан тасып келсек, қазір 585 доллар болды. Өткен айда сатып алған мұнай қоры таусылды. Енді мамыр айында 10-15 процентке өседі», - деді Эшатов.

Бүгінде Бішкекте жанармай құю станцияларында Аи-92 маркалы бензиннің бір литрі орта есеппен 40,5 сом тұрады.

Қырғызстан жыл сайын шамамен 1 млн тонна жанар-жағар май қолданады. Мұнай Ресейден тасымалданады. Жыл басында Қазақстан Қырғызстанға ақпан айынан бастап бензин экспорттайды деп мәлімдеген. Бірақ әлі шешімі табылмаған секілді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1968
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2323
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1903
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1562