Дүйсенбі, 13 Мамыр 2024
46 - сөз 8282 54 пікір 3 Мамыр, 2019 сағат 13:09

Әркімнің таңдау еркі, құқығы бар...

"Бүгін митинг болды, неге соны жазбайсыңдар"; "жұрт қамалып жатса, неге мәз боп отырсыңдар?"...

Біз өзі қызық халықпыз. Өзімізбен бірдей ойламайтын, қуанбайтын, қайғырмайтын адамды бірден баррикаданың арғы бетіне "атып" жібереміз. Кез келген мәселеге пікір білдіру міндетін ешкім, ешкімге жүктей алмайды. Әркімнің басы бар. Әркімнің таңдау еркі, құқығы бар.

Жеке өзім не істей аламын?
Сайлауға барып, дауыс беремін. Кімге екені маңызды емес. Маңыздысы - бар екенімді, таңдауым бар екенін көрсету. "Барымен базар", "барға қанағат", бар үміткердің ішінен таңдаймын. Өйткені бұл қадамым бүгін тиімсіз болса да, келешекте жемісін береді.

Қолымнан келетін көмек - ОСК талаптарына сай мәліметтерімді жіберу арқылы бір "қол" болса да қосу. Және оны митингіге дейін-ақ жасап қойдым.
Митингіге бармаймын. Өйткені оның артында жауапкершілік бар екенін білемін. Шыққандарға қатысты ештеңе айтпаймын. Әркім өз өмірінің қожасы. Оларға ешқандай көмек те бере алмаймын (заңгер емеспін, ақшалай да көмек бере алмаймын).

P.S. 2000-жылдары, ақ қар көк мұзда митингіге шығатын кездерде мен де шықпай, үйінде жататындарға жыным келетін...
P.S.S. Бір кездері Әблязовты да қолдағанбыз. Түрмеден шыққанда көзімізге жас алғанбыз. Бірақ ол кездегі Әблязов пен қазіргі Әблязов бір емес. Мақсат-мүддесі де мүлдем басқа.

Жұлдыз Әбділданың facebook парақшасынан

Abai.kz

54 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1977
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2353
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1930
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1568