Сенбі, 4 Мамыр 2024
3394 0 пікір 25 Сәуір, 2019 сағат 10:15

Назарбаев Мажарстанның Премьер-Министрімен кездесті

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Мажарстанның Премьер-Министрі Виктор Орбанмен кездесті.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен Мажарстан арасындағы екі жақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтудың маңыздылығын атап өтті.

– Сіз біздің елге өте ерекше кезеңде келіп отырсыз. Қазақстанның Мажарстанға және Өзіңізге деген ілтипаты зор. Сіз – өзіндік ұстанымыңыз бар Еуропа саясаткерісіз, – деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.

Виктор Орбан тыныштық пен тұрақтылық жағдайында жүзеге асырылған Қазақстандағы билік сабақтастығына жоғары баға берді.

– Сіз осындай күрделі үдерісті тұрақтылық жағдайында іске асырдыңыз. Мұны жүзеге асыру оңай емес. Адамдар үшін тұрақтылықтың маңызы зор. Соның арқасында халықтың әл-ауқаты арта түседі. Сондықтан, мен Сізге шынайы ризашылығымды білдіремін. Біз Сізді Мажарстанның нағыз досы санаймыз. Сондықтан, біздің елге шақыруымды қабыл алсаңыз, біз үшін зор мәртебе болар еді, – деді Мажарстанның Премьер-Министрі.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Баспасөз қызметі

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1091
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 991
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 726
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 841