Дүйсенбі, 6 Мамыр 2024
Сайлау 4320 19 пікір 24 Сәуір, 2019 сағат 17:09

"Ақ жол" партиясы президент сайлауына әйел кандидат ұсынды

Бүгін "Ақ жол" партиясы Nur-Sultan қаласында сьез өткізіп, алдағы президент сайлауына тұңғыш әйел кандидат Дәния Еспаеваны ұсынды. 

"Ақ жол" партиясының сьезіне екі жүзден астам делегат қатысқан. Солардың ішінен алты кандидат шықты. Алайда, бұл тізімде партия төрағасы Азат Перуашев болған жоқ.

"Ақ жолдың" атынан сайлауға түсуге үміткер болған алты кандидат: Өскемен қалалық мәслихатының депутаты Қуат Рахымбердин, Тараз қалалық мәслихатының депутаты Асан Қошмамбетов, Атырау облыстық филиалының өкілі Серік Ерубаев, СКО филиалының төрағасы Евгений Кинцель, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Дания Еспаева мен Қазақстан Құрылысшылар одағының төрағасы Талғат Ерғалиев.

Жабық дауыс беруде Дания Еспаеваны 94 делегат қолдады. Ал екінші тур, ашық дауыс беруде ол 170 дауыс жинады. Сөйтіп "Ақ жол" партиясының атынан сайлауға Еспаева Дәния Мадиқызы түсетін болды.

Сонымен қатар, сьезде партияның сайлауалды бағдарламасының жеті бағыты қабылданды. Жеті бағыттан тұратын бағдарлама жобасында кәсіпкерлікті қолдау, «Алаш» ұлттық идеясын насихаттау, білім саласын дамыту, жұмыссыздықты қысқарту, тұрғын үй мәселесі, демократия мен парламентаризм және жемқорлықпен күрес секілді өзекті бағыттар қамтылған.

Еспаева Дәния Мадиқызы 1961 жылы 5 наурызда дүниеге келген. Тұрмыс құрған, екі баласы бар.

Алматы есеп-кредит техникумын (1982), Қазақ мемлекеттік Басқару академиясын бітірген, Алматы қ-сы, (1993) (мамандығы "Экономист").

Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаты, Отбасы және әйелдер істері жөніндегі комиссия мүшесі (08.2008, 2012-2016 қайта сайланды), "Ақ Жол" партиясы атынан Парламент Мәжілісі депутаттығына кандидат (05.02.2016), "Ақ Жол" партиясынан VI шақырылымдағы Парламент Мәжілісінің депутаты, ҚР Парламент Мәжілісінің Қаржы және бюджет жөніндегі комитетінің мүшесі (24.03.2016 бастап).

"Құрмет" ордені (2011); Медальдары: ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығы, "Үздік қаржыгер".

Президент сайлауына үміткер Дәния Еспаева ана мен бала мәселесін көтеретінін айтып отыр.

- Мен ана ретінде осы президенттікке үміткер боламын. Себебі,қазір еліміздегі ең маңызды мәселе - әлеуметтік жағдай. Бірінші мақсатым - соны шешу.  Екіншіден, мен қаржыгермін. Сондықтан біздің бағдарламамызда көптеген сұрақ қаржыға байланысты. Ол сұрақтарды шешу үшін қаржыгер ретінде білімім жетеді. Сондықтан, өз-өзіме сенемін. 

Мүмкін осы сайлауда әйел президент болмайтын шығар. Оны уақыт көрсетер. Бірақ, бізде электораттың басым көпшілігі әйелдер. Сондықтан, алдағы уақытта бәрі де мүмкін, - деді Еспаева Abai.kz тілшісіне берген сұхбатында.

Abai.kz

19 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1568
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1457
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1205
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1190