Жексенбі, 28 Сәуір 2024
46 - сөз 5906 2 пікір 23 Сәуір, 2019 сағат 13:24

Біз 2 млрд долларға LRT сала алмай жатқанда...

- Rega атты швейцариялық әуе-құтқару қызметінің инженерлері өздігінен ұшып, жоғалған адамдарды іздейтін вертолет жасапты. Оны алыстан басқарып, бақылап отыру да қажет емес, толықтай автономды түрде жұмыс істейді. 2020 жылы "real time" режимінде алғашқы құтқару жұмыстарына қатыспақ.

- Boston Dynamics компания роботтармен жүк машиналарын сүйреп жүр! Нешеуінің әлі келер екен деп эксперимент жасапты.

- Netflix арқылы кино қарайтындардың саны 150 млн-ға жетіпті. Компанияның соңғы үш айдағы табысы жылдық кірістің көлемімен есептегенде 22,2% өсіп 4,52 млрд долларды құраған!

- Google Chrome браузерінде ''оқу режимі" тестілеуден өтіп жатыр. Бұл режимді қоссаңыз Chrome сізге қажеті жоқ контенттерді - реклама, анимация және басқа комментарийлерді көретпей - сізге тек мақаланы тақырыбы, мәтіні және суретімен ұсынатын болады.

- Жұрттың баласы аспанға, нақтылап айтсақ - жердің орбитасында - реклама жасауға шығыпты. Бірінші болып StartRocket өзінің Pepsi тобына жататын Adrenaline Rush атты энергетикалық сусынын жарнамаламақшы! Аспандағы 8 сағат реклама, қазіргі есеп бойынша, $20 мың тұрмақ.

- Біріккен ұлттар ұйымы Oceanix City суда қалқымалы қаласының жобасын бекітті. Ол жағалаудан бірнеше шақырым жерге орналаспақ. Мұхит табанына бекітіледі. Төтенше жағдай кезінде тыныш аумаққа сүйреп апарылатын болады.

- Amazon жер шарын интернетпен қамту мақсатында жаһандық спутник жүйесін ұшырады. Орбитаға 3236 спутник шығарылады. Олар жер бетінен 590-630 шақырым биіктікте ұшып, бүкіл адамзатты интернетпен қамтымақ.

Жеңіс Құспанның facebook парақшасынан

Abai.kz

2 пікір