Дүйсенбі, 29 Сәуір 2024
Сайлау 5366 12 пікір 22 Сәуір, 2019 сағат 23:00

ОСК-ға тіркелген ең бірінші кандидат - Сәдібек Түгел

Иә, маусымда өтетін президент сайлауына үміткер ретінде Орталық Сайлау комиссиясына құжат тапсырған алғашқы адам - Сәдібек Түгел атанды. Бұл туралы "Абай-ақпарат" хабарлайды.

Сәдібек Түгелдің кандидатурасын "Ұлы Дала Қырандары" республикалық қозғалысы ұсыныпты.

22 сәуір күні ҚР ОСК-на "ҚР Сайлау туралы" Конституциялық заңының 55 бабына сәйкес, Сәдібек Түгелдің құжаттары тапсырылған. Олар:

1. "Ұлы Дала Қырандары" РҚ-ның республикалық жоғарғы органы отырысының Сәдібек Түгелдің үміткерлігін ұсыну туралы хаттамасы.

2. Сәдібек Түгелдің Қазақстан президенттігіне үміткер болуға келісім бергені туралы өз өтініші.

3. Үміткердің өмірбаяны.

4. ҚР ОСК есеп шотына тиісті жарна көлемін төлегені туралы анықтама.

5. Төлқұжатының көшірмесі.

6. Жоғарғы оқу орнын бітіргені туралы дипломның көшірмесі.

7. Мемлекеттік қызметте еңбек өтілі бар екенін растайтын құжат.

Abai.kz

12 пікір