Сейсенбі, 14 Мамыр 2024
46 - сөз 8097 8 пікір 22 Сәуір, 2019 сағат 14:47

Қайта оралған Әліппе!

19 сәуір 2019 жылы Алматы қаласында «BilGen Әліппе» тұсаукесері өтті.

Әліппе тарихы!

Қазақ тіліндегі «әліппе» сөзі арабша А әрпінің атауы әліп (алиф) пен Б әрпінің атауы би сөздерінің тіркесуіне («әліпби» немесе «әліппе») келіп шыққан.

Әліппе – сауат ашу оқулығы. Ғұлама ғалым А.Байтұрсыновтың жаңа әліпбиі (төте жазу) үлгісімен жазылған «Оқу құралы» (Орынбор, 1912) қазақ мектептерінің әліппеге деген сұранысына толық жауап берген. Онда шәкірттердің сөздік қорын барынша сауат ашу мақсатына тиімді пайдалану мақсаты көзделген. Ахмет Байтұрсынұлы қазақ әліппесі мен қазақ тілі оқулықтарын жазуды 1910 жылдардан бастап қолға алған. Ахмет Байтұрсынұлының әліппесі «Оқу құралы» деген атпен 1912-1925 жылдары арасында 7 рет қайта басылып, оқыту ісінде ұзақ әрі кең қолданыста болды.
Бұл сөз тілімізге араб жазуын пайдаланған ертерек кезде еніп, 1929 жылы латын, ал 1940 ж. осы күнгі орыс алфавитіне көшкенімізден кейін де, мектеп табалдырығын тұңғыш аттаған балалардың алдымен танысатын сүйікті оқулығының атауы Әліпби болып қалып келді.

Адам баласы талай замандар бойы жасаған, жинаған білімнің асыл қазынасына алғаш жол ашатын оқу құралы деп әліппені үлкен де, кіші де сүйіп қастерлейді.

Сол қастерлі ұғымды 2015 жылы жоғалттық. «Сауат ашу» пәніне өзгерген «Әліппе» атты қасиетті, қастерлі ұғымымыздан ажырадық.
Осыншама уақыттан бері келе жатқан Әліппе бізге не үйретті?
Әдемі суреттермен жұмыс жасауды үйрене отырып, суреттер бойынша сұраққа жауап беретінбіз. Әңгіме айтуға жаттығатынбыз, басқа балалардың әңгімесін еститінбіз. Кітабымыздың 32-ші бетіне келгенде алғашқы А әрпімен танысатынбыз. Дыбыстар дауысты және дауыссыз болып бөлінетіндігін, дауысты дыбыс арқылы сөздерді буынға бөліп үйренетінбіз. Енді суреттер арқылы сызба бойынша сөйлем құрастыруды меңгердік. Әр дыбысты өткен сайын оқитын буын, сөздер күрделене береді. Оқулығымыздың әр беті қызықты суреттермен безендірілген. Біз білмейтін, мағынасын түсінбейтін сөздер болса, кітап авторлары олардың суреттерін берген. Сол арқылы және оларды түсіндіргеннен толық мағлұмат алдық.

Алғашқы 8 сөзден құралған мәтіннен басталған Әліппемізден аяқтар алдында оқыған әңгімелерден дос болуды, үлкенді сыйлауды, қамқорлық жасауды, Отанды қадірлеуді үйренген едік. «Әліппе қоштасу» біз үшін мереке еді... Әліппемен қоштасқан соң, оқи алмау бізге ұят, сын еді... Әліппемен қоштасу бізді есейткендей, ақыл тоқтатқандай мотивация беретін еді... Ал, қазіргі таңда бір жыл бойы сауат ашуды әлі аяқтамай, не оқуы ілгерілемей, әлі өздерін бала сезінетінді ақиқат.

Енді осы 2015 жылы «Сауат ашу» пәніне өзгерген «Әліппені» 2019 жылы қайта қалпына келтіреміз. Оның латынмен немесе кириллицамен шығатынын келесі жылдың басында нақты шешеміз. Бірақ біз кейінге қалдырмаймыз. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев «Хабар» телеарнасына берген сұхбатында айтып өткен. Енді министріміз ауысты. Зор үміт күтілуде.

Bilgen орталығы да қарап отырмады. Ата-аналар пікірін де ескерді, қастерлі ұғымымызды да жоғалтпауды жөн көрді, қоғамдағы түрлі пікірлерді зерттеліп, оқулықтың салмағының бала денсаулығына зиян келтірмеуін де есепке алынды. Нәтижесінде міне осындай «Білген-Әліппе» ұсынылды. Ерекшелігі - бұрынғы әліппеміздей, бір ашсаң, қайта-қайта аша беріп, көргің келе беретін суреттер, жаңа заман ағымына қарай қалыптасуға тиіс 4 дағды (тыңдалып, айтылып, оқылым, жазылым), жазу каллиграфисы, сын жұмысына да дайындық топтастырылып, оқулық бөлек, дәптер бөлек болмайтындай, бір оқулыққа жинақталған.

Негізгі білімнің бастауы - Әліппе! Ең қызығы, бастауыш мектептерде әліппе қолданбаса да, әліппемен қоштасу бар. Бұл әліппенің статусының жоғары екендігінің тағы бір дәлелі.

«BilGen әліппе» авторы Әшеке Маржан Тоқтарбайқызы. Өзінің бар ынтасын арнап, бүлдіршіндерге жаңа форматтағы оқу құралын ұсынуда.

Аталған оқу құралының артықшылығы қазіргі технологиялардың дамыған заманында QR-code арқылы смарт қосымша арқылы пайдалана алады.

Bilge басшысы Әкім Тұрсұн және оны командасын шын жүректен құттықтаймын!

Мұрат Әбеновтың facebook парақшасынан

Abai.kz

8 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1984
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2393
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1956
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1575