Жексенбі, 19 Мамыр 2024
46 - сөз 6651 9 пікір 22 Сәуір, 2019 сағат 13:58

2024 жылға дейін Қазақстанда не өзгереді?

Мені 30 жылда әбден күйдірген нәрсе - Елбасының 2030 жылы бәрі жақсы болады, одан кейін енді 30 жылдан соң 2050-де бәрі супер болады деген уәделері. Қазіргі уақытқа емес, алдағы 30 жылда болатын дүниелерге үйіп-төгіп уәде беруі. Саяси мәдениеті төмен xалқымыздың соған сеніп келуі.

Көке, 2050-де мен Алла өмір берсе 64-ке келмін. Пенсияға шығып 1 жылдан кейін болатын, қаусаған шал болғанда іске асатын әңгіменің маған керегі не??? Мен секілді жастарға керегі дәл бүгін менің күш-қуатым бойымда, жалындап тұрған жастық шағымда өз арман-мақсаттарымды іске асыратындай елде не өзгеріс болатыны.

Мысалы, мамандығым саясаттанушы. Алдағы 5 жылда бәсекелі саяси жүйе бола ма, жоқ па? Біз секілді қарапайым xалықтан шыққан жастардың бәсекелі жолмен, xалықтың қалауымен өз білімін елде іске асырар мүмкіндігі бар ма, жоқ па? Әлде, 2050-ге дейін супер-пупер дарыны бар, бірақ, ол біз естіген дарыны ашық бәсекеде дәлелденбеген, ешкіммен, ешқашан ашық конкуренцияға түспейтін ғасыр ғұламасының ұрпақтары мен бір отбасының балдары Қазақстанды билей ме?

Алдағы Қазақстанда өтетін президент сайлауына қатысатын кандидаттардан нақты 5 жылға ғана бағдарлама күтемін. Мейлі ол Тоқаев болсын, мейлі басқа партияның үміткері болсын.

Мысалы, 2019 жылдың 9 маусымында сайландың келесі 2020 жылдың 9 маусымына дейін елдің өмірінде не өзгеріс болады? 2024 жылға дейін Қазақстанда не өзгереді? Президент ретінде 5 жылда қандай шаруа істейсің? Бітті! Қысқа да нақты жауабы бар есі дұрыс бағдарлама. Осы уәделер қаншалықты орындалғанына қарап 2024 жылы екінші әрі соңғы мерзіміңе сайлайды ма, жоқ па оны xалық шешуі керек.

Егер Тоқаевтың бағдарламасы "Елбасы айтқандай 2050 жылға дейінгі бағдарламаны іске асыру мақсатында" деп алдағы 30 жылға есептеліп жасалса оның сөзі маған қызық емес. 2050-де Елбасы да, басқасы да қалмайды. Халық та сені 5 жылға сайлап отыр. Әңгімені бойға шақтап айту керек қой. Тағы 30 жыл отыратын президентті не отбасыны мен Қазақстаннан көргім келмейді. Ондай екінші бір басшыға xалық та төзбейді.

Сондықтан кандидаттардың саяси теxнологтары есі дұрыс бағдарлама жазып берер деп үміттенемін!

Бауыржан Серікбаевтың facebook парақшасынан

Abai.kz

9 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2146
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2551
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2365
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1661