Жексенбі, 19 Мамыр 2024
46 - сөз 7031 13 пікір 22 Сәуір, 2019 сағат 13:49

Зеленский Ресеймен келісімге келсе, біздің солтүстікке қауіп артуы мүмкін

"Украина сайлауын неге сонша жазып кеттіңдер?" деп жатыр кей қазақтар. Бәлкім Украинадағы сайлауда қазақтың тағдыры болмаса да, мүддесі шешіліп жатқандықтан шығар.

Демократиялық сайлау өтті. Халық өз таңдауын жасады. Құтты болсын дейміз. Зеленский саясаты елді өсірсе де, өшірсе де украин халқы ешкімге өкпелемеуі тиіс. Өйткені таңдауды жасаған өзі.

Зеленскийдің мойнында ауыр жүк тұр. Соғыста жатқан шығысты қайтару, Қырымды иемдену, құлдыраған экономиканы жандандырып, шетке кеткен 10 млннан астам украинды отанға оралту. Оңай емес. Бұның бәрін шеше алады деп те санамаймын. Біреуін толық орындаса да жаман емес.

Ол қиын сәтте таққа отырды. Былай тартса өгіз өліп, былай тартса арба сынып қалуы мүмкін. Шалыс қадам болса Ресей отыр қоқаңдап, қисық бассаң Батыс басыңды жұлып алуы мүмкін. Вашингтон мен Мәскеудің Украинада мүдделері мүйіздесіп жатыр. Олар Зелен келді екен деп, саясаттарын өзгертпесі анық. Сондықтан ол АҚШ-қа да жалтақтап, Ресейге де қарайлауға мәжбүр. Алайда осынау қысылтаяң сәттен жол тауып, сәтті қадам жасаса, сөзсіз нағыз басшы болмақ. Онда халықтың қалт айтпағаны. Қалап алып, артынан қарғап жатқан сан халықты көргенбіз. Олай болмас деген үміттемін.

Бір білерім мынау. Украинада соғыс толық тоқтап қалса, я Ресеймен келісімге келсе, онда біздің солтүстікке қауіп артуы мүмкін. Экономикалық рейтингі құлдыраған елдің басшысы халқын алдарқатып, назарын басқа жаққа бұруы үшін бәрін жасайды. Сол себепті, қазаққа Алла жар болсын, тәуелсіз Украина жасасын!

Асхат Қасенғалидың facebook парақшасынан

Abai.kz

13 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2145
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2549
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2352
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1658