Жұма, 17 Мамыр 2024
3718 5 пікір 19 Сәуір, 2019 сағат 11:23

Солтүстік Корея жаңа қару сынағанын хабарлады

Солтүстік Корея баспасөзі әскердің қуатты оқтұмсығы бар тактикалық басқарылатын қару сынағанын хабарлады. Сынақты КХДР басшысы Ким Чен Ын басқарған.

Хабарда қарудың басқа ерекшеліктері туралы айтылмады, бірақ батыс сарапшылары оның теңіз, әуе және құрлықта қолданылатын тактикалық қару болуы мүмкін деп болжайды. Пентагон мәліметі бойынша, бақылау жүйелері Солтүстік Кореядан зымыран ұшырылғанын тіркемеген.

Мамандар бұл қадамды Пхеньянға қатысты позициясын өзерту қажеттігі туралы Вашингтонға берілген белгі деп түсінеді. Өткен жылы желтоқсан айында Ханойда АҚШ президенті Дональд Трамп пен Ким Чен Ын саммитті сәтсіз аяқталды. Тараптар бірлескен мәлімдеме қабылдамады.

Вашингтон келіссөздерді қайта жалғастыруға талпынса, Солтүстік Корея жаңа қару сынауын жалғастырып отыр.

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2115
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2527
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2226
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1629