Сенбі, 4 Мамыр 2024
3316 2 пікір 17 Сәуір, 2019 сағат 12:16

Елордада 48 мыңға жуық пациент тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілген

Қазақстанда тегін дәрі-дәрмек пен медициналық мақсаттағы бұйымдарды беру процесі қатаң бақылауға алынады. Өткен жылдың соңында Денсаулық сақтау министрлігі, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ мен «СҚ-Фармация» ЖШС бірлесіп SMS-хабарлама жүйесін іске қосқан болатын. Нобайлы жобаны ісе асыру барысында 191 603 SMS-хабарлама жіберілді. Сонымен қатар, абоненттерден 8123 жауап келіп, мамандар 1218 қоңырауға жауап берді.

Естеріңізге сала кетсек, Медициналық сақтандыру қоры өткен жылдың басында кепілдендірілген тегін көмек пакеті шеңберінде берілген дәрі-дәрмек пен медицина бұйымдарына ақы төлеу тәртібін өзгерткен болатын.  Яғни, Қор былтыр дәрі қолма-қол берілген және «Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету» ақпараттық жүйесіне енгізілген рецептілерге ғана ақы төлейді.

Маусым айының соңына дейін пациенттерге SMS-хабарлама жолданады. Хабарлама жүйеге 2019 жылы 1 қаңтардан 30 маусымға дейін тегін-дәрі дәрмек алғандар ретінде енген тұрғындарға жіберіледі. Жалпы алғанда, ақпараттық жүйеде көрсетілген 5,7 млн телефон нөміріне хабарлама жіберу жоспарланып отыр.

Хабарламада рецептінің нөмірі мен дәрінің берілген күні көрсетіледі. Препараттар шын мәнінде қолына тимеген пациенттер SMS-хабарламаға жауап ретінде «0» цифрын жолдай алады немесе «СҚ-Фармация» ЖШС-нің 1439 байланыс нөміріне қоңырау шалса болады. Қоңырау шалу да, SMS те – тегін.

«Хабарламаны тегін дәрі алған пациенттердің бәрі бірдей алады деу қиын. Себебі, олардың арасында телефон нөмірлерін қате көрсеткендер де болуы мүмкін. Сондықтан тұрғындарға хабарлама келмеген жағдайда «СҚ-Фармация» компаниясының байланыс орталығына хабарласуға болатынын ескертеміз», - деді «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Нұр-Сұлтан қ.бойынша филиал директоры Нурлыбек Кабдыкапаров.

Дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдарды сатып алумен «СҚ-Фармация» ЖШС айналысады. «СҚ-Фармация» препараттар мен медициналық бұйымдарды келісімшарт бекіткен медицина ұйымдарының өтінімі негізінде сатып алады.

Ағымдағы жылдың 15 сәуіріндегі жағдай бойынша елордалық медицина ұйымдары 138 446 рецепт бойынша тегін дәрі-дәрмекпен 48 мыңға жуық пациенті қамтамасыз еткен. Қамтамасыз етілген дәрі-дәрмек соммасы 1 млрд астам теңгені құраған.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1102
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 997
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 733
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 848