Дүйсенбі, 29 Сәуір 2024
Өзекті 3840 0 пікір 16 Сәуір, 2019 сағат 09:37

«100 жаңа есім» еліміздегі айтулы жобалардың  біріне айналды

Н.Ә. Назарбаевтың 2018  жылғы «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы 2018 жылдың тамыз айынан бастап өзінің екінші кезеңін ашық деп жариялады. Оған -  білім-ғылымы толысқан, үздік маман, нағыз үлгі боларлық жастар қатыса алады. Ол сонысымен де көпшілікке танымал, айтулы жобалардың  біріне айналды.

Ақпарат және коммуникациялар министрлігі мен Қазақстан халқы Ассамблеясы бірлесе ұйымдастырған жобаның екінші кезеңіне біршама өзгерістер енгізілген болатын. Мәселен, алғашқы іріктеу барысында азаматтар өз-өзін ұсына алса, осы жолы іріктеу жоба­ға қа­тысу туралы өтініштерді үкі­мет­­тік емес ұйымдар арқылы беру әдісімен жүзеге асырылатын бо­­лады. Осы орайда елімізде түрлі сала бойынша мыңдаған үкімет­­тік емес ұйымдар жұмыс істеп жат­­қанын айта кету керек.

Байқау қатысушылары ел тарихында ерекше қолтаңбасымен қалатыны анық. Үздіктердің өмір жолы бір-біріне ұқсамайды. Олардың ұқсастықтары қоғамға тигізген пайдасында ғана десек қателеспейміз.

Және бұл жоба жеңімпаздарының жетістіктері жастарды ғана емес, рухани жаңғыруға ұмтылған барлық жандарға ой салары сөзсіз.

Осымен екінші мәрте ұйымдастырылып отырған шараға барлығы 2 388 өтінім келіп түскен. Солардың ішінен 29 жаңа есім үздік деп танылды. Елбасы жеңімпаздарды жеке-жеке құттықтап, жеткен жетістіктерін бағамдады. Жобаның көздегені де осы. «100 жаңа есім». Өзінің еңбегімен еленген, білімімен белестерді бағындырған, өнерімен өрге жүрген замандастарымызды қалың көпшілікке таныту, танытып қана қоймай, өзгеге, әсіресе өскелең ұрпаққа үлгі етіп көрсету – жобаның негізгі мақсаты.

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында Елбасы осы істі тапсырған кезде: «Олардың жүріп өткен жолы – кез келген статистикадан артық көрсеткіш», – деген болатын. Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті: - «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» деген менің мақаламның арқасында келіп отырған осы жоба. Екінші рет зор қуанышпен кездесіп отырмын. Жалпы жастармен араласқанды жақсы көремін. Енді ғана мінекей өзіміз қанатымызды жайып, жаһанға қазақтың кім екенін, Қазақстан деген мемлекеттің бар екенін, ол мемлекетті картаға салып, дүние жүзіне паш еткеніміз жақында ғана. Тарих үшін, дүние үшін 27 жыл тәуелсіздік түк емес, бір мезгіл ғана. Соның ішінде осындай жастарды тәрбиелегенімізге мен өзімді өте бақыттымын деп санаймын. «100 жаңа есімнің» ішінде жас та бар, жасамыс та бар. Алайда қатысушылардың дені жастар екенін айта кеткеніміз жөн. Ғылым, медицина, мәдениет, спорт секілді сан саланың саңлақтары Елбасының алдында сөз сөйледі.

Мақпал Тәжмағамбетова (Мыса), ақын: - «100 жаңа есім» жобасы еш елде болмаған тың бастама. Еліміздің түкпір-түкпірінде әр салада жетістікке жеткен талантты жастарды нәсиқаттуды мақсат етеді. Бұл жоба аталған жастарға мотивация, серпіліс беретін бірегей жоба деп есептеймін. Өйткені, көптеген жетістікке жеткен, елге үлгі болуға лайық жастар зерттелмей, нәсиқатталмай жатыр. Осы олқылықтың орнын толтыру үшін бұл жоба өте керек. Елбасы өзі айтқандай, қасиетті бойтұмарымыз тәуелсіздігіміз тұрғанда, егеменді елдің іргесі берік қаланып жатқан тұста жастарымыз елдің тарихын жасауы керек. «100 жаңа есім» жобасы да осы мақсатта қолға алынып жатқаны сөзсіз.

Біз – тәуелсіздіктің есімдеріміз. Алаштың рухы болып қайнаған қара қазанның суы сарқылған жоқ. Бүгінде мен сияқты қалам тербеп жүрген жастар – сол қасиетті судың бір-бір мөлдір тамшысы. Биыл Жастар жылында атқарылатын жұмыс көп. «Жас кәсіпкер», «Жас маман» секілді бағдарламалар әзірленеді. «Дипломмен ауылға» жобасы бойынша төленетін қаржы көбейеді. Баспана мәселелері шешімін табуы керек. Осы сынды игі істердің мән-маңызына тоқталып, талай мәселені оң шешіп берген Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа алғысымыз шексіз. 

Қ.Ақанов

Abai.kz

0 пікір