Сенбі, 18 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3321 0 пікір 6 Маусым, 2011 сағат 09:43

Көсемәлі СӘТТІБАЙҰЛЫ. Сайт, суайт және Сократ

Редакциядан:  Байланыс және ақпарат министрі Асқар Жұмағалиевтің блогына сойының соңын «и»-мен иректеген Рауан Армани деген біреу жуырда домалақ арыз жазып, «Абай.кз» ақпараттық порталы мен «Маса.кз» интернет газетін жабу керек деп талап қойған болатын. Сәтінде домалақ арыз иесі өзі атын атап, түсін түстеген сайт қызметкерлерінің тарапынан тиісті жауабын алды (қараңыз: www.abai.kz/node/8771). Домалақ арыз жазбағанымен домалап жүріп жақсы атануға тырысатындардың қазақ баспасөзіндегі жаңа медиа - интернет-журналистикаға қарсы жорығы әлгі «и»-дің артынан ит мініп, ирек қамшылап шыққанға ұқсайды. Міне, таяуда ғана «Егемен Қазақстан» газетінде Көсемәлі Сәттібайұлы сайт біткенді сауатсыз , суайт санап бір алақандай «ақпар» беріп еді жерден жеті қоян тапқандай алақайлап Жамбыл облысындағы «Ар-Ай» жастар  газеті оны көшіріп басыпты. Біз білетін Сәттібайдың Көсемәлісі әкімқаралардың аузындағысын ала салып ала қағаздың бетіне ақтарамайтын жігіт еді. Сократы мен суайтын оқып көңіліміз суыңқырап қалды. Өйткені Көсемәлінің Сократы Жамбыл облысының қазіргі әкімі Қанат Бозымбаевтың қабылдауынан қуанып шыққан  мәлтекбас шалдарша ыңырана сөйлеп, соның ыңғайын баға қалыпты. Әйткенменде, көсемсіп, көрінген іске араласа беретін Сократ қарияға обал жоқ, обал Көсемәліге болып тұр.

Редакциядан:  Байланыс және ақпарат министрі Асқар Жұмағалиевтің блогына сойының соңын «и»-мен иректеген Рауан Армани деген біреу жуырда домалақ арыз жазып, «Абай.кз» ақпараттық порталы мен «Маса.кз» интернет газетін жабу керек деп талап қойған болатын. Сәтінде домалақ арыз иесі өзі атын атап, түсін түстеген сайт қызметкерлерінің тарапынан тиісті жауабын алды (қараңыз: www.abai.kz/node/8771). Домалақ арыз жазбағанымен домалап жүріп жақсы атануға тырысатындардың қазақ баспасөзіндегі жаңа медиа - интернет-журналистикаға қарсы жорығы әлгі «и»-дің артынан ит мініп, ирек қамшылап шыққанға ұқсайды. Міне, таяуда ғана «Егемен Қазақстан» газетінде Көсемәлі Сәттібайұлы сайт біткенді сауатсыз , суайт санап бір алақандай «ақпар» беріп еді жерден жеті қоян тапқандай алақайлап Жамбыл облысындағы «Ар-Ай» жастар  газеті оны көшіріп басыпты. Біз білетін Сәттібайдың Көсемәлісі әкімқаралардың аузындағысын ала салып ала қағаздың бетіне ақтарамайтын жігіт еді. Сократы мен суайтын оқып көңіліміз суыңқырап қалды. Өйткені Көсемәлінің Сократы Жамбыл облысының қазіргі әкімі Қанат Бозымбаевтың қабылдауынан қуанып шыққан  мәлтекбас шалдарша ыңырана сөйлеп, соның ыңғайын баға қалыпты. Әйткенменде, көсемсіп, көрінген іске араласа беретін Сократ қарияға обал жоқ, обал Көсемәліге болып тұр. Сайттарда (автор сайттарды атап жазбаған соң біз де осы жолмен тарта береміз. Айтпақшы, «Егеменнің» де веб-сайты бар) азды-көпті сыналып жүрген, «қазақ тілінде сөйлеуіңіз керек» деп мінәйі пікір білдірген қазақ зиялысын боқтап тастаған Бозымбаевтың қыбын табамын деп қазақтың қайран сөзін боздатып мақала жазғаны үшін, рас, Көсемәлі Сәттібайұлындай әйбат әріптесімізге жанымыз ашиды. Жасыратыны шамалы, сайтқа суайт та, сауатсыз да жаза береді. Бірақ суайттың да суайты, сауатсыздың да сауатсызы бар. Қазақ тілді сайттарға қоясы ішіне төгілген қоғамдық шындық пен көлденең кесапатты сол «суайттар» мен «сауатсыздар» жаза бастады. Бұл үрдіс осылайша жалғасын табады әм ай аунап, жыл жылжыған сайын қазақ сайтарының да кәсіби білігі өсіп кемелденетін болады. Сократпен сонда сөйлесеміз. Әзірге Көсемәліні тыңдай тұрайық.

«Абай-ақпарат»

 

Сайт бетінде соңғы кезде «домалақ» арыз көбейіп тұр. Ол, әсіресе, әкімдер мен олардың командасы ауысқан кезде «құ­тырып» кетеді. Аттандаған «ав­торларының» кім екені де белгілі. Өйткені, бір кездері шапшып сөйлеп, шашып жеген «қасқалар» мен «жайсаңдар» орынтағынан айырылған соң кінәні өзінінен іздемей, жаңа келген жас әкімнен көріп, сайт арқылы «сайрай» бас­тайды. Оларына «поэма», «бал­лада», «ода» деп «оқырай­тып» ат қойып, айдар тағудан да ұялмайды.

«Үрит, соқ!» деп, алақандарын ысқылап отырған сайт иелеріне керегі де осы. «Қанды басың бері тарт!» деп авторсыз, айғақсыз, мекен-жайсыз «балладасымақ­тар­ды» айызда­ры қана жариялайды. Ал өңірде істеліп жатқан игі істерді көрсе де көрмеген, естісе де естімеген болады.

 

Баяғыда біреу Сократқа келіп:

- Досыңның сен туралы не дегенін білесің бе? - депті.

- Жә, - дейді сонда Сократ, - ма­ған айтпағыңды отыз тісіңнен шығармай тұрып әуелі үш електен өткізіп ал.

- Үш електен дейсің бе? - деп таңданады әлгі.

- Иә, біреуге бірдеңе айтпақ бұрын оны үш електен өткізіп алу керек. Ең бірінші електің аты - шындық. Мысалы, сені осы араға дедектетіп әкелген сөзіңнің шын екеніне сенімдісің бе?

- Жоқ, мен оны біреуден естіп ем.

- Өте жақсы. Яғни, сен оның шын ба, жалған ба, қайсысы екеніне көзің анық жетпейді. Енді екінші елек - адамгершілік елегіне салып көрейік. Сен маған досым туралы жақсы бірдеңе айтпақпысың.

- Жоқ, керісінше.

- Демек, - дейді Сократ, - сен ол туралы жаман бірдеңе айтқалы келдің және оның шын екеніне өзің де күмәндісің. Ал енді үшінші елекпен, яғни сол сөздің маған пайдасы бар ма, жоқ па, соны екшеп көрелік. Оның мәнісі тіпті қарапайым: сенің жеткізгелі отырған сөзіңді менің естуім міндетті ме, жоқ па?

- Жоқ, аса міндетті емес.

- Демек, - деп қорытын­дылайды Сократ, - сен маған айт­қалы алып-ұшып келгендегі сө­зің­де шындық та, адамгершілік те және мысқалдай пайда да жоқ. Ендеше, сонша жерден неменеге әуре болып келдің?!.

Ел ішінен, ағайын арасынан, басшылар мен қосшылар орта­сынан «интрига» іздеген сайт иелері мен облыстардағы іскер әкімдерге жала жапқан суайттар осы мысалдан ғиб­рат алса ғой, шіркін! Бірақ, әй, қай­дам, сайтқа суайттар мен сауат­сыздар «жаз­ғыш» болған уақытта кімге не деп уәж айтуға болады!!.

 

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2143
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2549
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2346
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1654