Сенбі, 11 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2591 0 пікір 6 Маусым, 2011 сағат 05:08

Смағұл Садуақасұлы. САЛМАҚБАЙ, МАҚАМБЕТ

Қазақшалап айтқанда намаздыгер шағы, орысшалағанда «күн батуға бір сағаттай қалған» кез еді.

Бірінің қолтығынан бірі құшақтап, үлкен қаланың көшесінде теңселе басып Салмақбай мен Мақамбет келе жатты. Екеуінің де үстінде қаракөл жағалы қара ішік. Бастарында қара елтірі бөрік. Аяқтарында көнетоздау қара етік.

Ерсілі-қарсылы жұрт жүріп жатты: біреу әдемі киінген, біреу жаман киімді, біреу әйел, біреу еркек, біреу кәрі, біреу жас.

Көшенің бұрышынан айнала жүргенде, Салмақбай:

- Уһ!.. - деді.

- Не болды үһлеп? - деді Мақамбет.

- Елді әбден сағындым! - деді Салмақбай.

- Мен де... - деді Мақамбет.

Осыменен сөз бітті. Екеуі де үн-түн жоқ жүріп келеді.

Бұлардың ілгері қарап тұнжыраған көздері сөйлемей-ақ көп нәрсені айтарлық еді...

Ауыл. Кең дала. Желкілдеген қызғалдақ. Кісінеген жылқы. Маңыраған қой. Үрген ит...

Осы суреттің бәрі екеуінің де көз алдына елестеген сияқты.  Зырылдаған арбаның дөңгелегіндей, бірінен соң бірі бастан кешкен уақиғалар көз алдынан өтіп жатты. Ауылда бала болып асық ойнап жүргендері, одан бұзау баққандары, молдаға сабақ оқуға барғандары, орысша оқуға түскендері, «оқымаймыз» деп жылағандары, есейіп жігіт болып саяси мәселелерді сөйлей бастағандары... Енді, міне, үлкен азамат болып, ел билейтін халге жеткендері. Соңғы пікірді ойлағанда, екеуі де біріне-бірі жалт қарады.

- Апырмай, ойлап тұрсақ көп заман өткен екен ғой! - деді Салмақбай.

- Көп заман, көп заман, - деді Мақамбет.

- Сен ол кезде жалғыз ұлтшыл едің-ау?! - деді Салмақбай.

- Ие, ол кезде мен ұлтшыл едім. Жастықтың мастығы ғой!..-

Мақамбет соңғы сөзбен тоқтайын деп еді, «мені айт, мені айт» деп ар жағынан көп сөздер тіреп келіп қалды. Үстінде киімі жоқ жалаңаш адамның ойлағаны секілді, Мақамбет бір нәрсені сезді. Беті қызарыңқырап, Салмақбайға тура қарай алмай, Мақамбет сөйлей бастады. Екеуі де ұзақ әңгімеге кірді.

- Менің, Салмақбай, ол кезде ұлтшыл болуымда ешбір кінә жоқ. Біз кімді көрдік? Өзгерістен бұрын орыстың қай революционері қазақтың ішінде болды? Қазақтың ауылы маңдайы жылтыраған үрәднікті көрді, мұрты түксиген приставты көрді. Коммунист түгіл қазаққа кадеті де келген жоқ. Біз ұлтшыл болмай, кім болсын? Маңайының бәрі қаптаған жау болса, есіл-дерті сені екі бүктеп, бір түтіп жеп қою болса, әрине ұлтшыл боласың.

Мақамбет біраз бөгеліңкіреді. Әлгідей емес, дауысы дұрысталып, бір нәрседен ұялғандығы жоғалып, жүректі бола бастады:

- Ол кездегі біздің айтқан сөзіміздің көбі Жапония болушы еді. Қазақ

қашан Жапониядай болады? Неше жылда соның қазіргі халіне жетеді? Фабрика-зауыттары қай уақытта салынады. Университет қай жерде болады? Һәм басқа осы секілді әңгімелер болушы еді.

- Ол айтылғандар қазір де айтатын сөздер ғой! Бұның қай жері ұлтшылдық! - деді Салмақбай.

- Әрине, ұлтшылдық. Қазақ Жапониядай болсын дегеннің аты не? Ол Жапония секілді капитализм негізінде құрылған падшалық болса, бізде капиталистер, байлар болады. Байлар болса, олар совет хүкіметінің заңына қарсы болады. Совет хүкіметіне қарсы болса, оны ұлтшыл деп айтады.

- Жоқ, Мақамбет, - деді Салмақбай, - Сенің бұл айтып келе жатқаныңда көп жетпеген жері бар. Қазақ даласында фабрик-зауыт онымен бірге бай туады деп ойлауға болмайды гой. Фабрикті хүкімет өз күшіне салдырып, өзі жүргізіп тұрса, байдың не жұмысы бар? Фабрик көбейсе, бізде еңбек ететін жұмыскерлер де көбейеді. Жұмыскерлер көбейсе, іс ілгері басады. Осы күні жұмыскердің жоқтығынан қорлық көріп жүрміз ғой.

Мақамбет ашуланған кісіше:

- Салмақбай, сенің ұлтшылдығың әлі қалған жоқ-ау! Қорлық дегенің немене? Кім қорлық көріп жүр? Жалғыз қазақ туралы ойлағаның - нағыз ұлтшылдық. Баяғы кезде заманның ағымы солай болған соң бәріміз ұлтшыл болдық, енді тұрмыс өзгерді. Осы күні - көпшілдік заманы. Сондықтан әлгідей сөздерден аулақ болу керек! - деді.

Салмақбай да әлгіден гөрі қаттырақ дауыспен:

- Сенің көпшілдік туралы пікірің қызық-ау. Көпшіл болғанда өз ұлтыңды иттің етінен жек көр демейді. Өз ұлтыңды қандай жақсы көрсең, басқа ұлттарды да сондай көр дейді...

Мақамбет Салмақбайды қағып жіберіп:

- Сен, Салмақбай, нағыз ұлтшылсың. Мен мұны саған көптен айтайын деп жүр едім. Орыстың бәрі сені жек көреді. Бәрі: «Салмақбай ұлтшыл» дейді. Менің саған айтатын ақылым. Ұлтшылдықты таста! Екеуміз де қу кедейдің баласымыз. Осы қазақ не береді? Әркім өзі тырысу керек.

Салмақбай жұлып алғандай:

- Жоқ, Мақамбет! Сенің айтқаныңның бәрі қате. Менің жүрген жолым көпшілікке қарсы емес. Жұрттың бәрі тең болсын дегеннен артық не керек. Егерде алдымызда дүниенің жұмағы болса, сол жұмаққа қазақ та барсын. Неміс те барсын. Әуелі мен барайын, сен тұра тұр деген сөзге мен қарсымын.

Салмақты дауыспен Мақамбет сөйлей бастады.

- Мен өзім нағыз көпшіл. Менің ойымша жер жүзіне жұмыскерлер қожа болуы тиіс. Бар күшті жұмыскерлерді сақтауға, соны адам қылуға жұмсау керек. Қазақта жұмыскер жоқ. Сондықтан қазақ жұрты екінші, үшінші, реті келсе төртінші пыланда тұру керек.

Жер жүзінің төңкерісі үшін дүниенің бәрін құрбан қылу керек. Осы күнгі заман «қазақ-мазақ» деп қолға ұстауға келмейтін ұсақ-түйек жұртты сөз қылатын заман емес.

- Жаным-ау, қазақ сөз қылмау керек дейсің! Сені көпшіл партиясы қай жерге қойды. Қазаққа жұмыс істе, қазаққа пайда келтір деп қойған жоқ па? Бұлай дегенше тұп-тура «мен қазақтың дұшпанымын» десейші! - деді Салмақбай.

Біраз бөгеліңкіреп, Салмақбай Мақамбетке қарады: сазарып, күп-күрең болып келе жатыр екен.

- Мақамбет! - деді Салмақбай.

Мақамбет үндемеді.

- Мақамбет! - деді тағы да. Мақамбет үндемей, ажырайып Салмақбайға қарады.

Дірілдеген дауыспен Салмақбай:

- Жер жүзінің төңкерісі үшін қазақты құрбан қылу керек десе, берер ме едің? - деді.

Мақамбет біраз бөгеліңкіреді де:

- Берер едім! - деді.

- Қазақ өлгенде, ет, жүн-жұрқа, майдан айырылған жұмыскер көпке бара ма? Сондықтан екеуінің де тірі болғанын тілесек болмай ма?! Өзіндей адам баласын құрбан қылып жеткен бағы ешкімге қайырлы болмас! - деді Салмақбай.

Мақамбет жауап бермеді.

Салмақбай үндемеді.

Уһ!.. - деді Салмақбай.

Уһ!.. - деді Мақамбет.

«Өртең» газеті, №5, 1922 жыл

Әзірлеген: Д.Қамзабекұлы

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1931
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2105
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1748
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1528