Жексенбі, 19 Мамыр 2024
Әне, көрдің бе? 6883 12 пікір 11 Сәуір, 2019 сағат 13:59

Олардың президенттікке үміткер болуына Заң кедергі

Қазақстанда екі айдан соң өтетін Президент сайлауына қатысты түрлі болжамдар, алуан пікірлер айтылуда. Басым көпшілігі, қазіргі саяси жүйенің түбегейлі өзгеруі үшін сайлауға жастар түскенін қалайды. Мәселен, күні кеше «Ардагерлер одағы» деген ұйым Президент сайлауына экономист Мұхтар Тайжанның кандидатурасын ұсынды.

Біз бұл ұсынысқа қатысты Мұхтар Тайжанға хабарласып, байланыс орната алмадық. Алайда, Мұхтар Болатханұлы өз пікірін «facebook» желісіндегі жеке парақшасында жазды:

Мұхтар Тайжан:

Мені Президент кандидаттығына ұсыну туралы.

Біріншіден, Республикалық  «Ардагерлер Одағы» Қоғамдық Қауымдастығына маған артқан  сенімі үшін шынайы ризашылығымды білдіремін.

Екіншіден, мен сайлауға түсер едім, егер, маған Заң мүмкіндік берсе. Бірақ, өкінішке қарай, менің мемлекеттік қызметте 5 жылдық тәжірибем жоқ. Осы себептен мен кандидат ретінде тіркеле алмаймын. Жоғарымен ешқандай келісім шартым жоқ. Меніңше, біздің осы заңымызды өзгерту керек. Бірақ, бұл Заң бүгінде қолданыста. Сондықтан, бұған уақыт жоғалтпай, талапқа сай кандидатты таңдай білуге тиіспіз.

Үшіншіден, Мен сіздердің жоғары сеніміңізге, әсіресе әскери офицерлерге үлкен  сенім артамын және осы күннен бастап жергілікті соғыс ардагерлерінің құқықтарын қорғау үшін сіздермен бірге боламын. Және, сіздермен бірлесе отырып, ардагерлерге ресми мәртебе беруге, жан-жақты мемлекеттік көмек пен қолдауды күшейтуге атсалысамын.

Әрине, ардагерлер Отанның назарын аударады! Мен алда бірлескен жұмыстың нақты нәтижелерін көретінімізге сенемін!

Айта кетейік, бұл сайлауға қоғам белсендісі Марғұлан Сейсемдайды да ұсынғандар көп. Бірақ, ол да сайлауға қатыспайтын жеті себебін көрсетіп, жазды.

Марғұлан Сейсембай:

Біріншіден, біздің қоғаммен саясаттың егжей-тегжейлерін біле отырып мен саясаттан әрі жүргенді жөн көремін.

Екіншіден, сайлау заңы бойынша еркін, тәуелсіз үміткер сайлауға қатыса алмайды. Тек партиялар арқылы ғана. Ал бізде қанша партия бар және олардың артында кім тұрғанын білесіздер.

Үшіншіден, сайлау заңының талабы бойынша, менде мемлекет органдарында істеген 5 жылдық тәжірибем жоқ. Менің пікірімше бұл билікке бөтен адам кірмесін деп істелген нәрсе.

Төртіншіден, үміткер кейінгі 15 жылды Қазақстанда тұруы қажет. Сіз білетіндей, мені елде қудалағандықтан, мен бір жылдай шет елде тұруға мәжбүр болдым.

Бесіншіден. Жоғары айтылған себептерден тыс, тәуелсіз адамға үміткер болуға мүмкіндік бермейтін, басқа да көптеген көзге көрінбейтін кедергілер бар.

Алтыншыдан, мен сайлаудың ашық, таза және әділ болатынына күмәнім бар. Менің пікірім бойынша бұл сайлаудың нәтижесі белгілі, оны өздеріңіз де білесіздер. Сайлау ашық болуы үшін, оған, өркениетті елдердегідей кез-келген тәуелсіз үміткердің қатыса алатын жағдайы болу керек. Үміткерлердің сайлауға дайындалып үлгеретін уақыты болу керек, барлық үміткерлер БАҚ құралдары мен дауыс беру үдерісін қадағалауға бірдей әсері болу керек, xалық асықпай, ойланып таңдауға жағдай болу керек.

Жетіншіден, бұл ең маңыздысы, менің ойымша, келешекте барлық ел бір адамға қарап қалмауы керек. Сондықтан мен Қазақстанның Парламенттік Республика болғанын дұрыс деп есептеймін.

Түйін.

Қазақстандағы сайлау туралы Заң халық сенген адамдардың кандидат болуына кедергі келтіріп тұр. Есесіне, бұл заң билік өкілдеріне өте тиімді. Сондықтан, кейбір сарапшылар алдағы сайлауда билікке тиімді адам Президент болатынын айтады. Алайда, халықтың пікірі қазіргі саяси жүйе түбегейлі өзгеру керек дегенге  саяды. Қалай десекте, бұл саяси дода – ел тағдыры шешілер маңызды сәт.

Нұрбике Бексұлтанқызы

Abai.kz

 

12 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2145
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2549
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2355
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1659